» Оқушылар «Щелкунчикті» неміс тілінде ойнап шықты

Оқушылар «Щелкунчикті» неміс тілінде ойнап шықты

   Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушылары «Неміс тілі сахнада» атты дәстүрлі жастар фестиваліне қатысып, Гофманның «Шерткіш» («Щелкунчик») шығармасы бойынша дайындаған театрландырылған қойылым көрсетті.
 Алматыда Қазақстан Гете-Институты мен Республикалық неміс драма театрымен бірлесіп ұйымдастырған «Неміс тілі сахнада» атты ІV  жастар фестивалі өткізілген болатын. Шахтинск, Қостанай, Көкшетау және Тараз қалаларының театрландырылған топтарымен бірге үлкен сахнада Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары өнер көрсетті. Бұл балалар - «Екінші шет тілі» бағдарламасы бойынша мектепте неміс тілін меңгеріп жүрген жастар.  
Байқауға Эрнст Теодор Амадей Гофманның «Шерткіш» («Щелкунчик») хикаятын ұсынды. Ғажайып оқиғаны неміс тілінде сахналаған  жас актерлер кейіпкерлердің сезімдері мен эмоцияларын көрермендерге шебер жеткізе білді.
«Бұл спектакльге бір ай дайындалдық. Шығарманы неміс тілінде оқып, сөздерін жаттадық. Қажетті композиция іздеп, би әзірледік.  Өз қолымызбен костюм, сахнаға декарация жасадық», - дейді театр мүшесі, Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушысы Динара Есет.
Биыл фестиваль бағдарламасы бойынша хореография, ән айту және музыкалық аспаптармен ойнай алу бағыттарына ерекше көңіл бөлінді. Тілдік дағдылармен қатар әділ-қазылар қатысушы топтардың сахна костюмдерін, қойылымның дизайны, спектакльдің музыкалық сүйемелдеуін бағалады.
«Неміс тілінде үлкен сахнада алғаш рет өнер көрсеткендіктен, сахнадағы түрлі қобалжулар  балалардың бірінші орынды иеленуіне  кедергі болды.  Дегенмен қатысушылар неміс театрының кәсіби әртістері, хореогрофтары мен режиссерларының шебер-сыныптарына қатысып, жаңа білім алды», - дейді спектакль жетекшісі Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің неміс тілі пәнінің мұғалімі  Анар Прмаханова.
Байқаудың қорытындысы бойынша актерлік шеберліктерімен ерекшеленген қызылордалық өрендер фестивальда белсенділік танытқаны үшін арнайы Дипломдармен мараптталды
Сонымен қатар неміс тілін үйренуге мүдделі мыңдаған әлемдік мектептердің басын қосқан  PASCH - Халықаралық оқу қауымдастығы Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне қызығушылық танытып, құрамына ену туралы ұсыныс жасады. «Мектептер: болашақ серіктестер» бағдарламасының мүшелігіне ену арқылы мектептерденеміс  тілін үйренушілерге қолдау көрсету, оқушылардың тәжірибе алмасу бағдарламаларына қатысу және жастарға арналған халықаралық курстарға қатысу секілді үлкен мүмкінідіктерге қол жеткізеді.  

Айта кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектебінде неміс тілін оқыту өткен жылдан бастап қолға алынған. «екінші шетелтілі» бағдарламасына сәйкес оқушылар ағылшын тілімен қатар неміс, қытай және кәріс тілдерін меңгеруде.

---
11 қараша 2018 ж. 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

14-343

09 сәуір 2020 ж.

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930