» Түрікменстанда әйелдерге көлік айдауға тыйым салынды

Түрікменстанда әйелдерге көлік айдауға тыйым салынды

Түрікменстанда көлік жүргізу куәлігі бар екеніне қарамастан, әйелдер автомобиль жүргізу құқығынан айырылды.2017 жылдың желтоқсан айында мемлекеттегі ІІБ басшысы Исгендер Муликов Түрікменстан президентіне жол көлік оқиғаларына қатысты статистикалық мәліметтер ұсынды. Аталған мәліметтерде жол көлік оқиғасының көбісі әйел адамдар себебінен болатыны көрсетілген. Кейін президент министрге осы мәселені ретке келтіруді тапсырды.
2017 жылдың желтоқсан айынан бастап полицейлер әйел адамдарға айыппұлға қатысты ескерту жариялай бастады. Ал қаңтар айынан бастап көлік жүргізу куәліктерін тартып алып, көліктерін арнайы тұраққа жіберді.
«Бастапқыда бұл ақпаратты қалжыңға баладым. Артынша өз басыма түскен соң ғана шындық екеніне көзім жетті. Қазір әйелдер рөлге отырудан қорқып жүр. Сол себепті оларды жұмысқа күйеулері алып барып, кейін өздері үйге әкеледі», - дейді Ашхабад қаласының тұрғыны.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін аталған елде қара түсті көліктер жүргізуге тыйым салынғаны туралы жазған болатынбыз.
---
08 қаңтар 2018 ж. 534 0

PDF нұсқалар мұрағаты

07-336

20 ақпан 2020 ж.

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829