» Кәмелетке толмаған ұлына көлік жүргізткен қызылордалыққа 50 АЕК айыппұл салынды

Кәмелетке толмаған ұлына көлік жүргізткен қызылордалыққа 50 АЕК айыппұл салынды

   
Қызылорда облысының 40 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған баласына автокөлікті жүргізуге берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш оқиға «Самара-Шымкент» тас жолының бойында орын алған. 40 жастағы облыс тұрғыны 2003 жылғы баласына көлік жиі жүретін күре жолда машинасын жүргізуге рұқсат берген.
«Бұл жөнінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128-бабында көрсетілген. Онда «Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту» жағдайы екені көрсетілген. Осыған байланысты Жалағаш аудандық соты 6 ақпанда қаулы шығарды. Қаулы бойынша құқық бұзушы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128-бабымен кінәлі деп танылды. Оған елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Ол 120 250 теңге шамасында», - деп жазылған Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, құқық бұзушы ата-ана ішкі істер органдарының есебіне алынатын болады.
---
11 ақпан 2019 ж. 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

34-311

22 тамыз 2019 ж.

33-310

15 тамыз 2019 ж.

32-309

08 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031