» E-COLLEGE – ЖЕКЕ КАБИНЕТ

E-COLLEGE – ЖЕКЕ КАБИНЕТ


М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің “Шетел тілі” бөлімінің I курс студенттері ретінде көп нәрсені көңіл сарайымызбен ұғып келеміз. Бізде колледжге түсер алдындағы дайындықтың өзіне зор мән берілді. Колледждің e-college ақпараттық басқару жүйесі арқылы талапкер “Жеке кабинеттегі” арнайы тест сұрақтарымен дайындалып, түсу емтиханын онлайн түрде тапсырдық. Мұның бір ерекшелігі, ата-аналарымыз түсу емтиханын онлайн түрде бақылай алды. Тағы бір артықшылығы, ата-анамен байланыс жұмысы қарастырылған. Яғни, ата-аналарымыз біздің үлгерімді күнделікті қадағалай алады. Сонымен қатар жатақханаға қажет болған жағдайда онлайн түрде анықтамаға тапсырыс беруге болады. Студенттер кез келген жерде сабақ кестесін қарап, онлайн түрде кітап оқуға болатын e-college ақпараттық басқару жүйесінің бұдан басқа мүмкіндіктері мол. Сөз орайында Г.Расмұханова, Э.Садықова, Г.Үсенова есімді пән оқытушыларына алғыс білдіреміз. Жаңалықтың жаршысы, ғасырға жуық бай тарихы бар,  іргелі оқу ордасы М.Мәметова атындағы Қызылорда  педагогикалық жоғары колледжінде білім алып жатқанымызды мақтан етеміз.

Аймира АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ,
Дана ӘБДІКӘРІМ
---
22 ақпан 2019 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031