» 9 маусымда Президент сайлауы өтеді .

9 маусымда Президент сайлауы өтеді .

   Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлау 9 маусымда өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтты. Соңғы кезектен тыс сайлау 2015 жылы 26 сәуірде өткен болатын. Ол кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берушілердің 97,7 пайызын жинады. Сайланған Мемлекет басшысының өкілеттілігі 2020 жылдың сәуір айына дейін белгіленген. Еске салайық, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант беріп, Қазақстан Президенті міндетіне кіріскен болатын. "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін", - деген еді Тоқаев.
  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметіндегі алғашқы сөзі Ал 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген еді. Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтқан болатын. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды басқаруды сеніп тапсыра алатын адам Тоқаев екенін және оның адал және жауапкершілігі бар адам екенін айтқан еді.
---
09 сәуір 2019 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031