» NIS: «ТЕАТРАЛДЫ ЖӘРДЕМ"

NIS: «ТЕАТРАЛДЫ ЖӘРДЕМ"

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары апта сайын облыстық балалар ауруханасына барып, кішкентай емделушілерге театрландырылған қойылым ұйымдастырады.

Ежелден күлкі пайдалы, антикүйзеліс факторы, жабығуға қарсы тиімді дәрі болып саналады. Ғалымдардың пайымдауынша, қуаныш, жайдарылық сияқты эмоциялар балалардың дертіне шипа береді. Апта сайын зияткерлік мектеп оқушыларынан құралған еріктілер тобы облыстық ауруханадағы ем алушы балақайлармен кездесуге асығып, бірлескен көңілді шаралар өткізеді. «Біздің жобаның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау. Бала – өмірдің гүлі. Театралды қойылымдар қойып, зияткер ойындарын өткіземіз және сурет салып, балалардың көңіл-күйін көтереміз. Ауруханадағы ем алушылар тиісті медициналық көмек алса, біз баланың дертінен жазылып шығуына аз болса да септігін тигізетін шаттық нұрын себеміз», – дейді Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Әлима Баймұғанбетова.
Зияткерлік мектептің шығармашылық тобы ауруханада өткен кезекті шарасында ғажайыптар әлеміне саяхаттап, ертегі кейіпкерлерінің бейнесінде сиқырлы сандықты іздестірді. Іздеу жолында балалар түрлі жаттығуларды орындап, топтық ойындарда бақ сынады. «Ауруханадағы бүгінгі күніміз ерекше өтті. Балаларымыз қызықты қойылым тамашалады. Сурет салып, би биледі. Яғни, оң эмоциялармен қуаттанды», – деді ата-ана Меруерт Бұлтаева.
Айта кету керек, Назарбаев Зияткерлік мектебінің «театралды жәрдемі» балаларға қолдау көрсетуге және жалғызбасты қарттарға, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға жәрдемдесуге бағытталған «Қоғамға қызмет» жобасы аясында құрылған, бүгінде еріктілер қатары күн сайын артуда.
---
13 мамыр 2019 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930