» Өркеннің өркені өссін!

Өркеннің өркені өссін!

 
"Астана" мен "Қайсар" арасындағы матчта жас талант Өркен Махан екінші таймда алаңға шығып, премьер-лигадағы дебюттық ойынын өткізді. Жас футболшы алаңға жай шықпай әріптесі  Тигран Барсегянға нәтижелі пас беріп, гол соғуға мүмкіндік жасады. Кездесу соңынан кейін Өркеннен ойын жайлы пікірін сұрағанды жөн санадық. Алаңда алыптармен айқасқан жас талант ентігін баспастан әңгімесін  жанкүйерлерден кешірім сұраудан бастады.
– Астана аренадағы ойын біз үшін сәтсіз аяқталды. Тіпті бұл матчты маусым барысындағы ең сәтсіз кездесу ретінде санаймын. Ел чемпиондарына қарсы ойынға мүмкіндік беріп, алаңға шығарғаны үшін бапкерлерге алғысымды айтамын. Дегенмен дебюттық ойынымда жеңіліске ұшырағанымыз өкінішті. Кездесудің екінші бөлігінде гол соғатын біршама мүмкіндігіміз болғанмен жүзеге асыра алмадық. Бұл нәтижені естен шығарып, алдағы "Тобылмен" шешуші ойынға дайындықты бастаймыз, – деді Өркен Махан.
100 - ойын
Қызылордалық "Қайсардың" намысын 5 жыл қатарынан қорғап келе жатқан хорватиялық қорғаушы Иван Граф "Астанаға" қарсы ойында "Қайсар" жейдесімен 100-кездесуін өткізді.
"БАЙҚОҢЫР" БАБЫНДА
Өткен жексенбіде футболдан бірінші лиганың 10 тур ойындары артта қалды. Бұл турда "Байқоңыр" командасы өз алаңында "Қайрат жастарды" қабылдап, 1-0 минималды есебімен жеңіске жетті. 90 минутқа дейін қос команда алма-кезек шабуыл ұйымдастырғанмен қақпа сыр бермеді. Төреші қосқан қосымша уақытта алаң иелері қарымта шабуылға шығып, қарсылас қақпашысын қапы қалдырып кетті. Асхат Қарабектың берген пасын Айбол Жахаев ұтымды пайдаланып, командасына жеңіс сыйлады. Біріншілік барысында 3 жеңісіне қол жеткізген Шойтымов шәкірттері 8 орынға жоғарылады!
"Байкоңыр" - "Қайрат-Жастар" - 1:0
Гол: Айбол Жақаев 90+1 (1:0)
Ескерту: Әлім Тәңірбергенов 80, Ислам Рақметов 82, Абылайхан Төлегенов 90, Айбол Жақаев (ойын біткен сәтте), Руслан Дүйсенбаев (ойын біткен сәтте) - Рустам Эмиров 9, Сұлтанбек Астанов 31.
"Байкоңыр": Нұрымжан Салайдин, Руслан Дүйсенбаев (к), Айбол Жақаев, Қуаныш Кемалұлы, Аян Кұлмағанбетов (Бекзат Бектай 82), Бекзат Кұрманбекұлы (Асхат Қарабек 65), Ислам Рақметов, Нұрдаулет Әмірбек (Әлім Тәңірбергенов 45+1, Қасымхан Алпысбаев 90+4), Елжас Сарбай, Ерболат Серік, Абылайхан Төлегенов.
"Кайрат-Жастар": Дінмұхаммед Жомарт, Сұлтанбек Астанов, Дәмір Битусупов (Вячеслав Швырев 46), Мәди Айтөре (к), Айбар Нұрдалиев, Самат Сарсенов (Нұрдаулет Ағзамбаев 75), Александр Соколенко, Андрей Ульшин, Ұлан Өтешев, Артур Шушеначев (Бақдаулет Жүзбай 60), Рустам Эмиров (Әліби Тұзақбаев 46).
---
22 маусым 2019 ж. 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930