» Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресте бірігуі керек

Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресте бірігуі керек

Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады.
Сыбайластықты болдырмау шараларының ұдайы ұйымдастырылып отыруын қамтамасыз ету негізгі шарт болып табылады.
Сондықтан да жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе болып табылғандықтан бұл бағытты тыс қалдыра алмаймыз.
Әділет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларымемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық теріс қылықтар, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауын болдырмау, халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер ұсыну, халықтың мемлекетке және мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін күшейтуге бағытталған.
Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету - азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды көрінісі.
Парақорлық пен сыбайлас жемқорлық – әртүрлі лауазымдағы мемлекет ісінен гөрі, өз жеке басының қамын жоғары қоятын қызметкерлердің жауапсыздығынан туындап отырғаны да жасырын емес. Сондықтан әрдайым мемлекеттік қызметкерлердің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен жеке басының тәртібі талап етіліп, баға берілуі қажет. Сондай-ақ, Қызылорда облыстық әділет департаментінің жұмыс жоспарына орай өткізілетін іс-шараларда үнемі сыбайластыққа жол бермеу мақатында түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады.
Сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға және алдын алу бағытында Әділет органдары алғашқы кезекті міндеттерінің бірі «Электронды үкіметті» дамыту. Бүгінгі күні елімізде «Қызмет көрсетудің біртіндеп электронды саласына көшу бағытында мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсету жүйесі қалыптасқан.
Министрліктің өз қызметтерін тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жақсарту бағытында мейлінше тиімді орындауына бағытталған.
Елбасының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландыруға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жойып, адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электронды форматқа көшіру жүзеге асыру.
Азаматтар мемлекеттік қызметті үйінен шықпай-ақ қол жеткізе алу - ол электронды қызметке ие болуының қолайлылығын білдіреді және қызмет алушы мен қызмет берушінің арасындағы байланыс болмаудың нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қояды.
Э.Сматова,
Қызылорда облысы Әділет департаментінің бас маманы,
«Қазақстан заңгерлер» Одағының мүшесі.
---
06 желтоқсан 2019 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

07-336

20 ақпан 2020 ж.

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829