» Тараздық дәрігерлер ота жасау барысында күтпеген жағдайға тап болды  

Тараздық дәрігерлер ота жасау барысында күтпеген жағдайға тап болды  

  Дәрігерлер тексере келе науқастың асқазанында бөгде заттың бар екенін анықтаған. Оған дереу ота жасап, нығыздалған шашты алып шыққан
НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Тараздық дәрігерлер 13 жастағы науқастың асқазанынан салмағы 1 келі 200 грамм болатын нығыздалған шашты алып шықты.
Жасөспірімнің іші ауырып, асқа деген тәбеті жоғалған. Мұны байқаған ата-анасы алғашында дәрімен емдемек болыпты. Жағдай қиындаған соң қалалық балалар ауруханасына алып келген, деп хабарлады "Астана" арнасы.
Дәрігерлер тексере келе науқастың асқазанында бөгде заттың бар екенін анықтапты. Оған дереу ота жасап, нығыздалған шашты алып шыққан. Мамандар мұндай мөлшердегі шаш 5-6 жылда жиналуы мүмкін емес деп отыр.
Айта кетейік, дәл осындай жағдай аймақта 5 жыл бұрын тіркелген болатын. Ол кезде 11 жастағы қыздың асқазанынан шығарылған еді.
"Бұл баланың кішкентай кезінен қалыптасқан әдеті. Тырнағын тістейді. Кейбір балалар шашын аузына салып жүреді. Сол әдетпен қалыптасады. Ол нақты бір потология деп айту өте қиын", - дейді облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Маулім Кенжалы.






---
22 ақпан 2020 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031