» Әйел ажарын бұзатын азық-түлік анықталды

Әйел ажарын бұзатын азық-түлік анықталды

  Бұған қоса, маман күніне бір шыныаяқ кофе ішіп, алкогольден бас тартуға кеңес берді
Фитнес-бикини спортшысы Валерия Барченко ағзаға зиян келтіретін азық-түлік өнімдерін атады.
Спортшы дұрыс тамақтану қағидалары ерлер мен әйелдерге ортақ екенін еске салды. Осы орайда ол әйелдердің ажарын тайдыратын азық-түлік өнімдеріне тоқталды. Барченко нәзік жандарға фастфуд, газдалған сусындар, майға қуырылған картоп, майонез, кептірілген нан мен шұжық, сондай-ақ жылдам дайындалатын тағамдарды тамақ рационынан алып тастауға кеңес берді, деп хабарлайды life.ru.
Сондай-ақ, тұздалған және маринадталған өнімдер, ішімдік, кофе, картоп пен сәбіздің өзі де ағзаға зиян болып шықты. Спортшы артық салмақтан арылу үшін тұзды азайту керек екенін атап өтті, өйткені тұз артық судың организмнен шығуын тежейді екен.
Әсіресе, сарапшының айтуынша, 45 жастан асқан әйелдер тамақтану рационына баса мән беруі тиіс. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын салмақты бақылау қиындай түседі.
---
02 наурыз 2020 ж. 42 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031