» Жұлдыз – жорамал

Жұлдыз – жорамал

Тоқты
Ешқашан асығыстық жасамаңыз. Алайда шұғыл шешімді қажет ететін жағдайда жылдам әрі қарқынды түрде әрекетке кірісіңіз. Бұл сіздің қолыңыздан келеді. Өміріңізде болып жатқан жағдайды жеделдетуге тырыспаңыз. Қиын сәттердің өзінде озбырлық пен ашуға бой алдырмаған жөн. Тік мінезіңізді шетке ысырып, кей жағдайда икемділік, кейбірінде қулық танытуға тура келеді. 
Торпақ
Апта жетістікке жетуге сәтті уақыт. Сондай-ақ өміріңізде келеңсіздіктер болмайды. Жақсы жұмысқа орналасып, жаңа баспанаға көшу мүмкіндігі туады. Кәсіп бастау, маңызды келісімдер жасау немесе ауқымды іскерлік кездесу өткізу септігін тигізеді.  Отбасын құруды немесе сәбилі болуды жоспарлап жүрсеңіз, оны келесі айдың еншісіне қалдырған жөн.
Егіз
Өмірді қайта бастауға құлшыныс арттып, өмір қызығын сезінесіз. Махаббатта жолыңыз болады. Діттеген мақсатқа жету үшін бұл апта таптырмас уақыт. Жолыңыз болып, көп нәрсеге оңай қол жеткізесіз. Сондықтан берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Шаян
Аптада жаңа қарым-қатынас бастап қана қоймай, ескісін де реттей аласыз. Жағымды жағдай мен өзгеріс орын алғалы тұр. Барлығына да дайын болыңыз. Дегенмен сізде айтарлықтай қиындықтар болмайды. Бұл апта демалып, ем алуға таптырмас уақыт. Сондықтан кезекті еңбек демалысыңызды осы уақытқа жоспарласаңыз өкінбейсіз.
Арыстан
Көп ойланып, түрлі жоспар құрып, алғашқы қадам жасасаңыз, жұмыстың нәтижесін көре аласыз. Апта соңында қабылдаған шешімнің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізесіз. Биікке жетуді де, төменге құлдырауды да бастан өткеруіңіз мүмкін.  Апта соңында күтпеген ұсыныс жасалуы мүмкін. Десе де жұлдыздар ауыр міндетті жауапкершілікке алмауға кеңес береді. Қандай да бір  шешім қабылдамас бұрын ата-анаңызбен ақылдасқаныңыз жөн.
Бикеш
Өміріңізде айтарлықтай өзгеріс болады. Өмірлік серігін іздегендер жанына жақын адамын табады. Жұмыста басшылықтың жөнсіз шағымына мән бермеуге тырысып, діттеген мақсатыңызға жетер жолда табандылық таныту керегін естен шығармаған жөн. Қаржы мәселесіне көп көңіл бөлген дұрыс.
Таразы
Қаржы саласында, жалпы, кез келген жарыста жеңіске жетесіз. Кәсіп бастағысы келгендерге сәттілік серік болады. Алайда істі достарыңызбен бірге бастамаған жөн. Жаңа белестерді бағындыратын уақыт жетті. Өзіңізді өзге қырынан көрсетіңіз. Бұл апта жетістіктерге жететін кезең. Мұның бәрі бұған дейін қолға алған істің жемісі. Жеке өміріңізде маңызды кездесулер орын алады.
Сарышаян
Алдыңыздан көптеген сынақ шығуы мүмкін. Алайда бұл сіздің күштілігіңіз бен төзімділігіңізді тексеруге жақсы мүмкіндік. Егер сынақтан сүрінбей өтсеңіз, әрі қарай үлкен жетістікке жетесіз. Жұлдыздар асығыстық танытпауға және өзгелердің сізді басқаруына жол бермеуге кеңес береді. Егер әлдекімнің өзіңізге қысым жасағанын сезсеңіз, бірден бұл әрекеттің тамырына балта шабуға тырысыңыз.
Мерген
Үнемі қиын жағдайдан шығудың жолын іздейсіз. Сонымен бірге аптада көп нәрсеге қол жеткізе аласыз. Осы айда жеке өміріңізге қатты әсер ететін жайт орын алуы мүмкін. Қаржы саласында сәттілік болады. Үлкен табысқа кеңелесіз. Алайда берілген мүмкіндіктің өзі жоспарды жүзеге асырудан аңағұрлым маңызды.
Тауешкі
Аптада жақсылықтар болғалы тұр. Сонымен бірге қызықты ұсыныс түседі. Мәселен, біліктілік арттыру курстары немесе ұзақ уақытқа жоспарланған. Мұндай ұсыныстан бас тартпаған жөн. Осы уақытқа дейін жасаған жұмысыңыз өз жемісін береді. Сондықтан қорықпай, жаңа жобаны қолға алыңыз. Алайда асығыстық танытпаңыз, бәрі өз уақытында болады.
Суқұйғыш
Аптада әріптестермен жанжалдасып, қаржылық қиындықтарға душар болуыңыз мүмкін. Алайда келер апта бәрі реттеледі. Қиындықтан шығып, табысқа қол жеткізу үшін өз бағытыңыздан танбау керек. Жұлдыздар ақшаны ұқыпты ұстауға кеңес береді. Себебі қалтаңызға оңай түскен ақшаны сол күйінде желге ұшыруыңыз ғажап емес. Алайда бұл сараңдыққа жол беріп, қатты үнемдеу керек дегенді аңғартпайды. Керісінше, ақшаны өз рахатыңыз үшін дұрыс жұмсауды үйреніңіз.
Балық
Алға қойған мақсатты қолға алатын уақыт келді. Аптадағы әрбір әрекетіңіз өнімді болады. Махаббат, шығармашылық, қаржы сізге қиындық келтірмейді. Ойға алған жоспарыңыз іске аспай, бір орында тұралап қалғандай көріне бастайды. Алайда бұл туралы көп ойлап, уайымдамаңыз. Себебі бәрі аз уақыт ішінде реттеледі.
---
05 наурыз 2020 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

10-339

14 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031