» ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ХҚО-ның БІРІҢҒАЙ ТЕРЕЗЕСІНЕН 76 МЫҢНАН АСТАМ ДАЙЫН ҚҰЖАТЫН АЛҒАН

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ХҚО-ның БІРІҢҒАЙ ТЕРЕЗЕСІНЕН 76 МЫҢНАН АСТАМ ДАЙЫН ҚҰЖАТЫН АЛҒАН

 Қазақстандықтар карантин басталғалы бері ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 76 мыңнан астам дайын құжатын алып кеткен. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген, қалған бөлігі – ХҚО жабылғанға дейін.
Естеріңізге салайық, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтар үшін бұдан бұрын өтініш берілген, сондай-ақ электронды форматта тапсырыс берілген қызметтер бойынша дайын құжаттарды алып кетуге болатын бірыңғай терезені іске қосты. Бұл үшін әр қала мен аудандарда бір-бір ХҚО белгіленген болатын.
Дайын құжаттарды көбіне Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының тұрғындары алған. Ал, Қызылорда облысында төтенше жағдай кезеңінде 9741 қызылордалық ХҚО арқылы дайын құжаттар алған.
Бірыңғай терезеде берілген құжаттардың дені – АХАТ құжаттары, жүргізуші куәліктері, көліктің техникалық паспорты мен тіркеу нөмірлері, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің құжаттары, сондай-ақ жеке куәлік пен паспорт.
Бұл ретте, ТЖ басталғалы бері қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталы мен eGovKzBot2.0 телеграм-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы 10,5 млн жуық қызметті онлайн түрде алған.
Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.
Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлімдердің тізімін мына жерден көруге болады: gov4c.kz
---
30 сәуір 2020 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031