Жуырда ғана Өзбекстан елінде туы көтерілген футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бүгінге дейін үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Топтық ойында Испания құрамасымен тең ойнап, Ливияны 4-1 есебімен сан соқтырып, Жаңа Зеландия қақпасына қайтарымсыз 10 гол салды. Осылайша Кака шәкірттері топта 7 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне екінші орынмен шықты.

Ендігі қарсылас – алпауыт Португалия құрамасы. Осыдан 3 жыл бұрын әлем чемпионы атанған құрама қазір де осал емес. Олар өз топтарында Панама, Тәжікстан пен Мароккодан айласын асырып, көш бастаған болатын. Енді біздің елдің жігіттерімен иық тірескелі отыр.

Маңызды кездесу 26-шы қыркүйек күні сағат 20:00-де басталады. Бұл олардың әлем чемпионатындағы үшінші рет жолығуы. 2015 жылы Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында Қазақстан Португалияны 3-1 есебімен жеңсе, 2021 жылы әлем кубогінің жартылай финалында тең ойнап, пенальти сериясында біздің спортшылар есе жіберген еді.

Нұр БАҚЫТ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!