«28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты шарасын ұйымдастыру» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өтетін облыстық шығарма (эссе) жазу байқауы Қызылорда облысының жастар одақтары қоғамдық бірлестігі Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып ұйымдастырады.

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты

1. Журналистердің шығармашылығының дамуына қолдау көрсету

2. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын кеңінен ақпараттандыру

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

3. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өтетін облыстық шығарма (эссе) жазу байқауына 18-35 жас арасындағы журналистер қатыса алады.

Шығармаға қойылатын талаптар

4. Шығармада Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстанның жетістіктерін пайымдау.

5. Өз Отаныңа, туған жеріңе, еліңе деген сүйіспеншілікті көрсету

6. Тақырыптың маңыздылығы толығымен ашылуы қажет.

7. Шығармада нақты ақпараттарды пайдаланып, өз ойымен байланыстыру.

8. Оқырманға эмоционалды әсері болуы тиіс.

9. Шығарма интернет, әлеуметтік желіден көшірілмеуі тиіс.

Байқауға қатысушылар ұсынылатын материалдарды өз фейсбук парақшаларында суретімен бірге 2021 жылдың 17 маусымына дейін Ішкі саясат басқармасы мен Жастар Одақтары Қоғамдық Бірлестігі фейсбук парақшасын тегтеп жариялау қажет.

Байқау жеңімпазы фейсбук парақшада жарияланған материалының көпшілік оқырманның бағасы (лүпіл) және пікірімен анықталатын болады. Үздік жеңімпаз деп танылған қатысушы «Алғыс хат» және статуэткамен марапатталады.

Қосымша мәліметтер бойынша 8-747-530-47-07 байланыс нөміріне хабарласуға болады.