» » Жұлдыз – жорамал

Жұлдыз – жорамал


Тоқты

Сізге берілген тапсырмалар өте қарапайым, сондықтан оларды орындауда еш қиындық болмайды. Мақсатқа жетуде ештеңені қиындатпай, барлығын дер кезінде орындай аласыз.
Торпақ
Жұмысқа қатысты бірнеше ұсыныс түседі. Бірақ оның барлығы пайдалы емес. Егер сақтық танытып, бағдарлайтын болсаңыз, таңдау жасауда қателеспейсіз.
Егіз
Табысқа жету үшін табандылық қажет. Сонымен қатар аптада ешқандай мәселе орын алмайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ішкі түйсігіңізді тыңдаңыз. Айналаңыздағы адамдардың да ақыл-кеңесіне құлақ түрген жөн.
Шаян
Алға қойған мақсатыңызға, арманыңызды орындауға бір табан жақындайсыз. Аптада жұмысқа қатысты біршама сұрақты талқылауға болады. Өзіңізді шаршатпаңыз.
Арыстан
Көптен бері мазаңызды алып жүрген шаруаларды біржақты етесіз. Орын алған мәселеге еш алаңдамайсыз. Өйткені олардың барлығын қалай шешу керегін білесіз.
Бикеш
Өз ісіңізді тиянақтай білесіз. Сонымен қатар өзгелердің де шаруасын тындырасыз. Шығармашылығыңыз аздап тоқырауға ұшырайды. Бұл жағдайда достарыңыз немесе ескі таныстарыңыз ақыл қосады.
Таразы
Өзекті мәселеге жолығасыз. Өзгелердің жағдайын енді түсінетін боласыз. Өзіңізге келгенде шаруаны тиянақты тындыру қолдан келмейді. Көп уақытыңызды демалысқа арнаңыз.
Сарышаян
Жемісті апта. Көптен бері шешімі табылмай жүрген мәселені соңына дейін жеткізіп, арқаңыздан жүк түскендей әсерде боласыз. Сондай-ақ осы аптада сізге біреу ғашық болады.
Мерген
Түрлі тақырыпта сөз қозғайтын ортада боласыз. Әңгіме-дүкен құрып, жаңа таныстар табасыз не болмаса аптада өзіңіз кездесу ұйымдастырып, көпшіліктің ризашылығын аласыз.
Тауешкі
Көп ойдан арылып, тек маңызды деген істерді ойлаңыз. Қиын тапсырмаларды орындауға, соңғы уақытта тығырыққа тіреген сауалдарға жауап табуға болады. Ешкімге ашылып сыр айтпаңыз.
Суқұйғыш
Кездесуге баруға, жаңа таныстар табуға қолайлы апта. Көп адамдар сізбен кездесуге, сөйлесуге асығады. Өзіңізге ұнайтын адамдармен кездесіңіз. Бұрын сізді ренжіткен жандар да кешірім сұрағысы келеді.
Балық
Керемет апта. Мәселе туындағанмен оларды тез арада шеше аласыз. Олардың маңызды мәселеге айналуына жол бермейсіз. Бұл ісіңіз басшылықтың назарында болатынын ұмытпаңыз.
16 қазан 2020 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-371

22 қазан 2020 ж.

41-370

15 қазан 2020 ж.

40-369

08 қазан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031