» » Қырғызстанда бүкіләлемдік көшпенділер ойыны үшінші мәрте өткізілмек

Қырғызстанда бүкіләлемдік көшпенділер ойыны үшінші мәрте өткізілмек

Көрші қырғыз елі алдағы жылы үшінші мәрте бүкіләлемдік көшпенділер ойынын өткізбек. Ел үкіметі қазір дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. Байрақты бәсекеге ондаған мемлекетті тарту көзделіп отыр. Басты мақсат – әлемге көшпенділер мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыру. Оның ішінде жауынгерлік және отансүйгіштік қасиеттерді көрсету. Жарыс бағдарламасында көкпар, аударыспақ, ұлттық күрес және садақ ату сияқты спорт түрлері бар. Интеллектуалды ойын шеберлері тоғызқұмалақта бақ сынасады. Жоғарыда айтылған спорт түрлерінен жыл сайын Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары көш бастайды. Кезекті көшпенділер ойыны 2018 жылдың қыркүйегінде өтеді. Сапар Исаков, Қырғызстанның Премьер-министрі: – Бүкіләлемдік көшпенділер ойынының ұйымдастырушысы әрі иесі ретінде жаһан жұртына көшпендінің тұрмысын, мәдениетін, өркениетін көрсетпекшіміз. Көшпенділерді білімді әрі ақылды, жауынгер, сөзіне берік, данышпан екенін паш еткіміз келеді. Біздің мәдениетіміз бен өркениетіміз әлемдегі ең ежелгі құндылықтардың бірі саналады. Бүгінде ол жас ұрпақтың бойында қайта жаңғырып келеді. Осының алдындағы, яғни екінші бүкіләлемдік көшпенділер ойынын өткізу үшін Қырғызстан қазынасынан 24,5 миллион АҚШ доллары жұмсалған болатын. Биыл үкімет демеушілерге арқа сүйеп отыр. Ал ел үкіметі айтулы доданы ұйымдастыратын арнайы комитет құрмақ.
21 желтоқсан 2017 ж. 496 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031