» » Әлемдегі ең кішкентай зымыран Гиннес рекордтары кітабына енді

Әлемдегі ең кішкентай зымыран Гиннес рекордтары кітабына енді

Жапонияда жасалған әлемдегі ең кішкентай зымыран осы жылы ақпан айында ұшты. Ол орбитаға жасанды серікті шығара алатын ең кішкентай зымыран болып табылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.
Оның ұзындығы бар болғаны 9,5 метр болса, диаметрі – 50 см, ал салмағы – 2,6 тонна. Қазір ұшып жүрген зымыранның ішіндегі көлемі ең кішкентайы осы.
Ракета көлемі кішкентай болғандықтан, оның жасалуы мен ұшырылуына көп шығын кеткен жоқ. Оған 400 миллион иен (3,47 миллион доллар шамасында) ғана қаражат жұмсалды. Бұл әдетте ұшырылатын зымыранға кететін шығынның жүзден бір бөлігін ғана құрайды.
«Әлемде біз жасап шығарған зымыранға ұқсас зымыран жоқ. Бұл елімізде ғылым мен техникасының және ұзақ жылдар бойы жасалған еңбектің арқасы», - деді жоба басшысы Хирото Хабу.
28 сәуір 2018 ж. 22 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 20 (245)

17 мамыр 2018 ж.

№ 19 (244)

11 мамыр 2018 ж.

№ 48 (222)

07 желтоқсан 2017 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031