» » Қазақстандық бес боксшы Азияның үздігі атанды

Қазақстандық бес боксшы Азияның үздігі атанды

Азия бокс конфедерациясы дәстүрге орай жылдың үздіктері тізімін жариялады. 
«Азиялық бокс жанкүйерлері 10 күн бойы әлеуметтік желіде өз фавориттерін атады. Биыл Үндістан, Қазақстан, Өзбекстан, Жапония сияқты елдердің «электоралдық» белсенділігін ерекше атап көрсетер едік. Жаңадан «Азия бокс конфедерациясының президентінің таңдауы» аталымын енгіздік. Оған Ауғанстан бокс федерациясы лайық деп танылды. Экономикалық және саяси ахуалдың нашар болуына қарамастан, федерация Ауғанстанда боксты дамытуға көп күш салып жатыр. Мұны Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АИБА) вице-президенті Серік Қонақбаев та атап өтті», - дейді Конфедерацияның атқарушы директоры Бағдәулет Төреханов. Ол сондай-ақ биыл Қазақстанның әйелдер боксы қарқынмен дамығанын айтты. «Біздің боксшы қыздар барлық салмақ санаты бойынша Азияның ең биік тұғырына шықты. Ал ерлер арасында «азиялық» салмақтар деген атпен танымал 49 және 69 кг санаттарына басымдық берілді», - деді атқарушы директор. 2017 жылғы «Азияның үздіктері»: 1. Үздік боксшы  Шахрам Ғиясов (Өзбекстан, 69 кг) 2.  Үздік боксшы Мәдина Нұршаева (Қазақстан, 64 кг) 3. Үздік боксшы (жастар) - Сачин Сиваш Сингх (Үндістан, 49 кг) 4. Үздік боксшы (жастар) - Арайлым Бегділда (Қазақстан, 81 кг) 5. Үздік боксшы (жасөспірімдер) - Сора Танака (Жапония, 66 кг) 6. Үздік боксшы (жасөспірімдер) - Жәмила Болат (Қазақстан, 66 кг) 7. Үздік боксшы WSB - Асланбек Шымбергенов (Қазақстан, 69 кг) 8. Жыл жаңалығы - Хусейн әл-Масри (Сирия, 49 кг) 9. Үздік бапкер - Хирокуни Мото (Жапония) 10. Үздік супервайзер - Аслан Игібаев (Қазақстан) 11. Үздік халықаралық техник делегат (ITO) - Ленни  Д'Гама (Үндістан) 12. Үздік төреші - Нэлка Широмала (Шри-Ланка) 13. Үздік федерация - Өзбекстан бокс федерациясы 14. Азия бокс конфедерациясы президентінің таңдауы - Ауғанстан бокс федерациясы.

13 желтоқсан 2017 ж. 468 2

Гость JeaKeenny от 27 ақпан 2019 20:34
Purchase Amoxicilina Cod Accepted Ups isotretinoin 10mg no prior script Cephalexin What Is It Used For buy generic cialis online Cialis No Falla Priligy De 60 Mg

Гость JeaKeenny от 16 наурыз 2019 02:28
Pharmatie Canadienne Viagra Generique generic viagra Order now isotretinoin Zithromax Order Canada

PDF нұсқалар мұрағаты

20-297

16 мамыр 2019 ж.

№ 19 (296)

09 мамыр 2019 ж.

№ 18 (295)

03 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031