» » ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ


ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті «Жылдың ұлттық спорттық жүлдесінің» жеңімпаздарын марапаттады.
«Жылдың спорттық сыйлығы» қазақстандық спортшылар, бапкерлер, спорт функционерлері 2017 жылы жеткен жетістіктерін атап өту үшін және спортты, Олимпиадалық қозғалысты, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.


ҚР ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған Ұлттық-спорттық жүлдені табыстау шарасы биыл жаңа форматта өтті. Марапаттың иелерін жанкүйерлер дауыс беру арқылы таңдады. Дауыс беру шамамен бір айға созылды. 
Ұлттық Олимпиада комитеті 9 номинация тағайындады. Сонымен, байқау жеңімпаздары:  
"Жазғы спорт түрлері бойынша ең үздік спортшы" Алексей Луценко;
"Қысқы спорт түрлері бойынша ең үздік спортшы" Жанбота Алдабергенова;
"Үздік жас спортшы" Элизабет Тұрсынбаева;
"Жазғы спорт түрлері бойынша ең үздік бапкер" Мырзағали Айтжанов;
"Қысқы спорт түрлері бойынша ең үздік бапкер"Мадығали Қарсыбеков;
"Үздік спорт федерациясы" Қазақстанның триатлон федерациясы;
"Үздік спорттық өңір" – Алматы қаласы;
"Жылдың үздік командасы"
"Астана" ФК.
24 желтоқсан 2017 ж. 816 0

PDF нұсқалар мұрағаты

13-342

02 сәуір 2020 ж.

12-341

27 наурыз 2020 ж.

11-340

19 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930