» » Жапония зейнетке шығу жасын 70-ке дейін ұзартпақ

Жапония зейнетке шығу жасын 70-ке дейін ұзартпақ

Жапония үкіметі елдің экономикалық өсіміне қолғабыс ету мақсатында және халықтың жылдам «қартаюын» ескере отырып,  зейнетке шығу жасын 70-ке арттырмақ. Қазір жапониялықтар 65 жасында зейнетке шығады. Бүгін арнайы комиссияның осы мәселеге арналған баяндамасының жобасы жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Майнити симбун» газетіне сілтеме жасап.
Синдзо Абэ басқарған үкіметтің бұл қадамы елді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта құруға бағытталған. Хабарларға қарағанда, келер жазға дейін тиянақты жоспар ұсынылады, ал премьер-министрдің бастамасы 2020 жылы заңмен бекітілуі мүмкін. Бірақ оның алдында жобаны бизнес қоғамдастық өкілдерімен ақылдасу міндеті тұр.
Зейнет жасын ұлғайту туралы заң жобасында жасы келген жапондарды еңбекпен қамту мәселелерін шешу бойынша көптеген ынталандыру шаралары қамтылады. Атап айтқанда, егер жоба жүзеге асып жатса, жұмыс күндері қысқартылуы, үйден жұмыс істеу мүмкіндіктері, егде қызметкерлерді жалдаған компанияларға субсидиялар беру сияқты шаралар қарастырылмақ.
23 қараша 2018 ж. 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 12 (289)

21 наурыз 2019 ж.

№ 11 (288)

14 наурыз 2019 ж.

№ 10 (287)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031