» » Ресейдегі президент сайлауына 67 үміткер тіркелді

Ресейдегі президент сайлауына 67 үміткер тіркелді


Ресейлік Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына қатысуға ниетті 67 үміткердің өтінімін қабылдады. Олардың 46-сы өзін-өзі ұсынғандар. Бұл туралы РФ ОСК басшысы Элла Памфилова мәлімдеді.
«Қазіргі таңда, 7 қаңтарда 67 үміткердің өтінімі келіп түсті: 21 партия өкілі мен 46 өзін-өзі ұсынғандар», - деді Элла Памфилова жексенбі күні «Россия 1» телеарнасының «Вести» бағдарламасында.
7 қаңтар – президент сайлауына қатысуға өзін-өзі ұсынушылардың құжатын қабылдайтын соңғы күн. Ресейде сайлау 18 наурыз күні өтпек.
Еске сала кетсек, қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путин сайлауға қатысатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, тележүргізуші Ксения Собчак та өз кандидатурасын ұсынғанын хабарлады.
08 қаңтар 2018 ж. 1 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031