» » Ақшасын иемдену үшін күйеуі екіқабат әйелін жардан итеріп жіберген

Ақшасын иемдену үшін күйеуі екіқабат әйелін жардан итеріп жіберген

  Ақшасын алу үшін күйеуі екіқабат әйелін жардан итеріп жіберген, деп хабарлайды  Bangkok Post басылымы.

Таиландта 34 метрлік жардан құлаған екіқабат әйел аман қалды. 32 жастағы Ван Нан есімді қытайлық әйел күйеуімен саяхатқа шығып  Пха-Таем Ұлттық саябағында жардан құлап кеткен. Келіншекті саябақта қыдырған туристердің бірі көріп қалып, жедел жәрдем шақырған. Нан дәрігерлерге жардан өзім құлап кеттім деп айтқан. Зардап шегушінің белі, тізесі, қол сынғанымен, баласы зардап шекпеген. 
Ван Нан ауруханада күйеуі болмаған кезде, сүйіп қосылған жарының өзін итеріп жібергенін айтқан. Күйеуі келіншектен қарызын жабуға ақша сұрап,  Ван Нан беруден бастартқан кезде күйеуі әйелін итеріп жіберген. 
Қазіргі таңда Юя Сяодун адам өміріне қауіп төндіргені үшін айпталып, қамауға алынған. Отбасының өз бизнестері бар көрінеді. Алайда, күйеуі қарызға батқан кезде әйелінің ақшасын сұраған. Жарты ақшаны ғана беруге келіскен келіншегін осылайша Юя Сяодун итеріп жіберген.
24 маусым 2019 ж. 827 0

PDF нұсқалар мұрағаты

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

04-333

30 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829