» » "Енді бала таппаймын"

"Енді бала таппаймын"


Ұлыбританияда тұратын көпбалалы ана Сью Рэдфорд жиырма екінші перзентіне жүкті екенін айтты. Әйел Youtube-тегі The Radford Family аталатын отбасылық арнасында ролик жариялап, қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп жазады Stan.kz.

Сью Рэдфорд пен күйеуі құрсақтағы баланың УДЗ суретін көрсетті. Ерлі-зайыпты өткен жылы ғана ендігі бала таппайтындарын айтқан. Себебі олардың 21 баласы бар. Олардың ең кішісі 2018 жылы дүниеге келген. 
Көпбалалы ана қазіргі уақытта жүктіліктің 15-аптасында жүргенін айтты. 
«Баламның жынысын білгенше асығып жүрмін. Ол ұл болса екен деп армандаймын», - дейді ол.
Егер Сьюдің 22-нші перзенті ұл болса, отбасында 11 ұл, 11 қыз баласы болмақ. 
БАҚ мәліметінше, отбасы мемлекеттен ешқандай жеңілдік алып отырған жоқ. Тек балаларға жәрдемақы беріледі екен. Ерлі-зайыптының отбасылық наубайханасы бар. Онда отағасы мен ересек балалары жұмыс істейді. 
21 қазан 2019 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031