» » Тілсіз туған бала отадан кейін сөйлей бастады

Тілсіз туған бала отадан кейін сөйлей бастады


Кемерево облысында орналасқан Беляев атындағы аурухананың дәрігерлері Таштаголь ауданында тұрып жатқан бес жасар Антонға ота жасады. Осы отаның арқасында бүлдіршін алғаш тамақтың дәмін сезіп, сөйлеп үйренді. Ең бастысы, жуырда бірінші сыныпқа бару үшін дайындалып жатыр.
Сәбиінің ерекше болып туғанын анасы араға екі сағат салып барып білген. Бұл туралы оған дәрігерлердің өздері келіп айтқан. Осыдан кейін сәби Новокузнецкідегі ауруханада үш апта уақыт жатады. Өз күшімен тыныс ала алмағандықтан, арнайы құралдардың көмегін пайдаланған. Үш жарым айдан кейін Антонға тыныс алуға арналған жаңа түтікше қойылып, үйіне жіберіледі.
Светлана Багрянцева сәбиін туғалы зондтың көмегімен тамақтандырады. Антонның жасы өсе келе мәзіріне ет езбесі қосылды. Бала бір жасқа толғаннан кейін ғана анасы оны қасықпен тамақтандыра бастайды. Бірақ, өкінішке орай, тамақ бүлдіршіннің өкпесіне түсіп, ол жиі ауырады. Мұнымен қатар, ол айналасындағылармен сөйлесе алмай қиналады.
Бастапқыда Израиль мамандары Антонға 6 миллион рубль ақшаға ота жасап беруді ұсынады. Ұсыныс түскен кезде отбасында мұндай қаражат болмай қиналады. Бір күні Светлана мен Антон Новокузнецкке келіп, сол жерден Кемерово дәрігерлерінің тегін көмектесуге дайын екенін естиді. Дәрігер Вячеслав Вавин италиялық әріптестерімен бірігіп бірнеше ота жасайды. Нәтижесінде Антон өз бетімен тамақ ішіп, сөйлей бастайды.
24 қаңтар 2018 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30