Juldyz-joramal

 
 Тоқты
Аптада маңызды оқиға орын алуы мүмкін. Барлық істе төзімділік танытып, болған жағдайға бейімделген дұрыс. Көп ұзамай кейбірдүниелер  өзгереді, сондықтан бір сәтке де босаңсуға болмайды. Ал қаржы мәселесінде ешқандай келеңсіздік  кездеспейді.
Торпақ
Бұл апта табысты болмақ. Бұрын қолдан келмеген істерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады, бұл әсіресе шығармашылық жандар үшін қайталанбас сәт. Ойға алған мақсаттар орындалып, қиындықтар реттеледі. Бірақ сәттіліктен гөрі маңдай термен табыс табу мүмкіндігі көп. Кикілжің туындаса, асығыстық танытпауға тырысыңыз. Сезім мен ашуға бой алдырмай, ақылға салыңыз.
Егіз
Апта ортасы сауда жасауға қолайлы. Қаржылық мәселе шешілсе, көптен бері ойда жүрген жұмыс орындалғалы тұр. Ең бастысы өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз. Кейбір егіздер өмірін өзгертетін сәт келгенін түсінеді. Өйткені олардың мақсаты мен бағыты өзгеруі мүмкін. Сенбі күні ескі достарыңызды кезіктіріп, көңілді кештің қонағына айналуыңыз бек мүмкін. Мұзда сырғанау, жүгіру сияқты спорт түрлері денсаулығыңыздың жақсаруына айрықша әсер етеді.
Шаян
Сәтті аптада жетістікке жетудің мүмкіндігі жоғары, сондықтан үздіксіз еңбектеніңіз. Кез келген істі алып кететін тиянақтылығыңыз биік белесті бағындыруға жетелейді. Қаржылық тұрғыдағы мәселеңіз оңынан шешіледі. Аптаның екінші жартысында кейбір жандарға қатысты ойыңыз өзгеріп, біреудің өмірін жақсартуға үлес қосуыңыз мүмкін.
Арыстан
Апта сіз күтпеген жаңалықтарға толы болады, әсіресе жұма әріптестік кездесу ұйымдастыруға ыңғайлы күн. Соңғы уақытта бас қатырған мәселенің шешімін табуыңыз мүмкін. Күн сайын жақсы жаңалық естіп, жиі қуанатын боласыз. Қайбір мәселеде болмасын, шыңға шығуды мақсат тұтатын арыстандар үшін апта нәтижелі болмақ.
Бикеш
Бұл аптада біршама қарыздардан құтыласыз. Табыстың кілті сіздің қолыңызда. Сүйіктіңізбен ара қатынасыңызды қолға алмасаңыз, бәрі кері кетуі ғажап емес. Жақындарыңызбен шағын саяхатқа шығуға дайындалыңыз. Аптаның аяғында қызықты идеялар пайда болады. Еңбексүйгіш, жауапты бикештер жаңа бастамаға ден қойып, табыс табуға ұмтылады.
Таразы
Бұл – көңіл-күйіңіз көтеріңкі жүретін апта болады. Күтпеген кездесулер орын алады. Іскерлік қарым-қатынастағы шаруаларыңыз оңтайланады. Екі қоянды бір оқпен атып алмақ болып барлық істі жалғыз бітіруге тырысасыз. Алайда өзгелердің көмегіне жүгіну – жұмысты жеңілдететінін ұмытпаған жөн. Ішкі қарама-қайшылықты ақылға салып шешіңіз. Аптаның жарқын тұстарын қызықты өткізсеңіз, көмескі тұстары сізге кері әсер етпейді.
Сарышаян
Аптада біршама армандарыңыз орындалады. Өзіңізді бақытты сезініп жүресіз. Бұрын қолға алуға қаймыққан істерді қайта жандандырасыз. Бас тартуға келмейтін ұсыныстар түсуі мүмкін. Қаржылық мәселеде жылдам шешіледі. Қабілетіңізді көрсететін орайлы уақыт туып тұр. Жаңа таныстық үшін де ыңғайлы апта.
Мерген
Бұл аптада орын алатын мәселенің барлығы қарым-қатынасыңызға байланысты болады. Апта аяғында табысқа қол жеткізуге мол мүмкіндік туады. Осы тұста кедергіні жеңуге жәрдемдесетін адамдар да пайда болады. Барлық уайым артта қалмақ. Бастысы отбасыңызға көңіл бөлуді ұмытпаған абзал. Ал тәуекелшіл мергендер кішігірім белестерді бағындырып, айналасына қуаныш сыйлайтын болады.
Тауешкі
Бұл аптада сәтті қадамдар жасалады. Таңғаларлық оқиға, күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Соның әсерінен көптеген адамға басқа көзқараспен қарай бастайсыз. Сіз үшін алда ой еңбегіне көп арқа сүйейтін күндер келе жатыр. Себебі махаббат мәселесінде екі ұдайлы пікір туындап, таңдау жасауға мәжбүр боласыз..
Суқұйғыш
Сіз үшін бұл позитивті апта болады. Бірақ келеңсіз сәттер де жоқ емес. Ұнжырғаңыз түспесін. Күтпеген қиындықты тез әрі оңай шешесіз. Бастысы өзіңіз дұрыс деп тапқан жолдан айнымаңыз. Көптеген адамға жақсы әсер қалдырып, олардың өміріне өзгеріс әкелуіңіз бек мүмкін.
Балықтар
Апта біршама қызықты идеяға толы болады. Оны тезірек жүзеге асыруға тырысыңыз. Ұсақ-түйек мәселе сізге түсетін мол табыстың есебінен шешіледі. Үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін көп еңбектену қажет. Ал бұл апта іскерлік байланысты нығайтуға қолайлы.
01 қараша 2019 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

47-324

21 қараша 2019 ж.

46-323

14 қараша 2019 ж.

45-322

07 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930