» » Жүк көлігінен табылған 39 мәйіт (ВИДЕО)

Жүк көлігінен табылған 39 мәйіт (ВИДЕО)

  Ұлыбританияда тергеушілер жүк көлігінен өлі күйінде табылған мигранттарды идентификациялау процедурасын аяқтады, - деп хабарлайды РИА Новости.  Эссекс графствосының полициясы 23 қазанда Ұлыбританияға Бельгиядан келген жүк көлігінен 39 адамның денесін тапқан еді. Кейін полиция қайтыс болғандардың Вьетнам азаматтары екенін хабарлаған. Адам өлтірді деген күдікпен Ұлыбритания мен Ирландиядан бес адам ұсталған, оның ішінде жүк көлігінің жүргізушісі - 25 жастағы Морис Робинсон бар. Ұсталғандардың үшеуі кепілақымен босатылған.  39 адамның мәйіті. Еуропа жұртының жағасын ұстатқан оқиғаның мән-жайы "Аға коронер Кэролайн Бизли-Мюррэй қазіргі уақытта қайтыс болғандардың бәрін идентификациялады. Отбасыларына естіртті... Эссекс полициясы тергеуді жалғастырады. Оны Вьетнам полициясымен бірге атқарып жатыр", - делінген хабарламада.  Полиция одан басқа мәліметтер таратқан жоқ. 
08 қараша 2019 ж. 786 0

PDF нұсқалар мұрағаты

03-332

23 қаңтар 2020 ж.

02-331

16 қаңтар 2020 ж.

01-330

09 қаңтар 2020 ж.

Спорт

«Ноль» мырза

«Ноль» мырза

17 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031