» » Ресейде Ораз-Мұхаммед сұлтанға ескерткіш тақта орнатылды

Ресейде Ораз-Мұхаммед сұлтанға ескерткіш тақта орнатылды

   Ресейдің Рязан облысына қарасты Қасымов қаласында Жошы ұлысынан шыққан Ораз-Мұхаммед сұлтанға мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 Қасым хандығын басқарған Ораз-Мұхаммед сұлтанға ескерткіш тақтаны орнату идеясының авторы – Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов. Естелік белгі Ораз-Мұхаммед жерленген Ескі татар зиратында, Ресейдің мәдени мұралар нысанына енген Ауған-Мұхаммед сұлтанның кесенесіне жақын жерде орнатылды.
«Сөз жоқ, бұл – бір тұлғаға ғана емес, тұтас бір дәуірге, сонау аласапыран дәуірдегі қазақ сұлтандығының Ресейдегі тарихи ізіне, екі халықтың арасындағы достық пен ынтымақтың, бірлік пен тірліктің өзіне қойылған ескерткіш деп білемін. Сол себепті, Ораз-Мұхаммедтің есімі бүгінгі ұрпақ санасында орыс-қазақ достығының символы әрі екі ел арасындағы дипломатиялық алыс-берістің қарлығашы ретінде мәңгі сақталады», - деді салтанатты шара барысында Елші Иманғали Тасмағамбетов.
Ол сондай-ақ бастамаға қолдау көрсеткен Рязан облысының әкімшілігі мен дипломатиялық өкілдігіне алғыс білдірді. Мемориалдық тақтаны жасау үшін табиғи қоңыр түсті гранит пайдаланылған. Ескерткіштің биіктігі үш метр. Төбесіне доғал күмбез орнатылған. Естелік тақтаға «Ораз-Мұхаммед Онданұлы, 1573-1610. Қазақ сұлтаны, Қасым хандығын билеуші», деп жазылған.
Еске сала кетейік, Ораз-Мұхаммед сұлтан Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек ханның тікелей ұрпағы, Тәуекел ханның інісі Ондан сұлтанның ұлы. Ол өз заманында орыс патшасына бағынышты аймақта хандықты билеп, қазақ сұлтандарының арасында шет елде үлкен абыройға ие болған әйгілі тарихи тұлғаның бірі. Ораз-Мұхаммедтің ерлігі мен өмірі туралы көптеген деректерді жат жерде сұлтанның сенімді серігіне айналған шежіресі Қадырғали Жалаири жазып қалдырған. Жазушы Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» атты тарихи романында қазақ сұлтанының қайраткерлігі, парасаттылығы мен қаһармандық келбеті шебер суреттеледі.


15 қараша 2019 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

49-326

05 желтоқсан 2019 ж.

48-325

28 қараша 2019 ж.

47-324

21 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

07 желтоқсан 2019 ж.
Байқаңыз – улы газ!

Байқаңыз – улы газ!

20 қараша 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031