» » Ең улы бақалар

Ең улы бақалар

   Қауіпті ағаш ұстасы деп аталатын бұл құрбақа – ең улы жаратылыс. Ол көп жағдайдаағаш маңында мекен етеді. Көлемі екі немесе төрт сантиметр және құмырсқаларды жеумен күн көреді. Бір қызығы, егер қарны қатты ашса, олар бір-бірін жеп қоюға дейін барады. Ежелгі колумбиялық тайпалар бұл бақаның уын жебе ұшына жаққан. Осылайша атылған жебеден дереу көз жұмуға болатын еді.
Epipedobates tricolor деп аталатын  кезекті улы жәндік Эквадорды мекен етеді. Көлемі бар жоғы екі сантиметр болатын бақаны түрлі түсті ақ-қызыл реңінен тануға болады. Бұл улы жаратылыс таулы жерде мекен етеді. Өзінің аумағында басқаларды сезсе, ол дереу ашуланады. Оның уында кездесетін токсин ең қауіптілер қатарында.
Теңбіл бақа деп аталатын сарғыш келген тіршілік иесі Эквадор мен Перу жерін мекендейді. Тауда мекендеуді ұнататын бұл бақа талай рет туристерді өлтірген екен. Бірақ ол ешқашан адамдарға шабуыл жасамайды. Тек адамдардың байқамай оған қолы тисе, сөзсіз аман қалуы мүмкін емес.
Көкшіл тал жорғалаушысы. Бұл құрбақа Бразилия, Француз Гвианасы, Гиана және Суринама елді мекендерін  мекендейді. Көлемі бес сантиметрге дейін жетеді. Көпшіл ортада мекендеуді қалайтын бұл бақаның елуге жуық жолдастары қасында жүреді. Оның терісі аса қауіпті сілейкей бөледі. Кішкене мөлшері ірі жыртқыштарды өлтіріп жіберуге дейін барады. Сонымен қатар бақаның бұл түрі жоғалудың сәл алдында тұр.
Дамир АМАНГЕЛДІ
20 қаңтар 2020 ж. 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

31-360

06 тамыз 2020 ж.

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31