» » Жапон ғалымдары коронавирустың көбеюін тоқтататын дәрі ойлап тапты

Жапон ғалымдары коронавирустың көбеюін тоқтататын дәрі ойлап тапты

  Жапон ғалымдары АИТВ-ға қарсы препараттардың бірі коронавирустың көбеюін тоқтататынын анықтады. Зерттеу қорытындысы bioRxiv биомедициналық препринттер порталында ресми жарияланған.
Ғалымдар зерттеуінде SARS-CoV-2-мен қаншалықты күресе алатынын анықтау үшін АИТВ-дан емдеуде қолданылатын 9 дәрінің әсерін анықтаған. Барлық препарат коронавирустың көбеюімен күресе алатыны дәлелденген.
Алайда, тоғыз дәрінің ішінде нелфинавир ғана басқа жасушаларға зиянын тигізбей, дертті жоя алатыны дәлелденді.
«Қорытындысында нелфинавир COVID-19-дан емдеуге болатын бірден бір дәрі болып отыр. Әлі коронавирус жұқтырған науқастарға сынақтан өткізілуі керек», – деді зерттеушілер.
Айта кетейік, COVID-19-дан дүниежүзінде 105 мыңнан аса адам қайтыс болған. 1 696 588 адам ауру жұқтырған.

13 сәуір 2020 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031