» » АҚШ-тағы наразылық кезінде қазақстандықтың көз жұмғаны рас па – министрлік жауабы

АҚШ-тағы наразылық кезінде қазақстандықтың көз жұмғаны рас па – министрлік жауабы

 Америкадағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде нақты қанша адамның қаза болғаны әзірге хабарланбай отыр. АҚШ-тағы наразылық акциялары кезінде қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ.
Instagram желісінде, расталмаған мәліметтер бойынша, Америкада жаппай тәртіпсіздіктер барысында Қазақстан азаматының көз жұмғаны туралы ақпарат жарияланды.
"Бұл ақпарат расталған жоқ. АҚШ-тағы наразылық кезінде қаза болғандар арасында қазақстандықтар жоқ", - деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен.
Бұған дейін Associated Press афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған наразылықтар барысында кем дегенде 11 адамның мерт болғанын хабарлады.
Қаза болғандардың санына қатысты нақты ақпарат жария етілмей отыр.Мамырдың соңында Миннеаполисте афроамерикалық Джорд Флойд полиция ұстағаннан кейін көз жұмды. Осы оқиғадан кейін елде наразылық акциялары басталды. Тіпті, әлемнің басқа мемлекеттеріне де тарап кетті.Интернетте тараған видеодан полицейдің Флойдты мойнын тізесімен басып қинағанын көруге болады. Ер адам жансақтау бөлімінде жан тапсырды.






08 маусым 2020 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

31-360

06 тамыз 2020 ж.

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31