» » Владимир Путин президенттік сайлауға түсуі де мүмкін

Владимир Путин президенттік сайлауға түсуі де мүмкін

Россия-1» телеарнасы көрсеткен «Ресей. Кремль. Путин» фильмі үшін берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Өзім үшін әлі шешім қабылдамадым. Егер Конституцияда мүмкіндік жасалса, сайлауға түсуім де ықтимал. Оны алдағы уақыт көрсетеді», – деді Путин.
Путин шенеуніктерге оның орнын басатын адамды қазірден бастап іздемей, жұмыс істеу керегін ескертті, – деп жазады «Қазақпарт».
Сұхбатта: «Ізбасарды іздеумен емес, жұмыс істеу қажет», – деді Путин. Ол Конституцияға өзгеріс енгізу ұсынысы өте орынды екенін де айтып өтті.





«Қолданыстағы Конституцияға түзетулер қабылдап жатқанымыз өте дұрыс екеніне кәміл сенемін», – деді ол.
Оның айтуынша, қолданыстағы Конституция қиын кезеңде қабылданған. Путин: «Қазіргі Конституция қиын-қыстау кезең – танкімен парламентке оқ жаудырып, Мәскеуде қақтығыстар өршіп, ішкі саяси дағдарыс болып жатқан кезеңде қабылданған еді», – деп еске алды.
 
22 маусым 2020 ж. 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

31-360

06 тамыз 2020 ж.

30-359

31 шілде 2020 ж.

29-358

23 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31