» » Қызылордада алимент төлеуден жалтарып жүрген 54 борышкер жауапкершілікке тартылды

Қызылордада алимент төлеуден жалтарып жүрген 54 борышкер жауапкершілікке тартылды

«Алиментті өндіріп алудың тиімді жүйесін құру бойынша 30 қадам» іс-шаралар жоспары бекітілді. Әділет Министрлігі облыс әкімімен және республикалық палатамен бірлесіп алимент өндіру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарды іске асыруда. Басты мақсат борышкерлерді жұмысқа орналастырып, алимент өндіру.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық Әділет департаментінің басшысы Ирина Бәкішева мәлімдеді.
«Облыста 115 борышкер жұмысқа орналастырылды. Былтыр проблемалық алименттер саны 773 болатын. 336-сы берешек қарыздарын өтеді. Енді 470-і қалып тұр. Ал алимент төлеуден жалтарып жүрген 54 борышкер әкімшілік жауапкершілкке тартылып, 25 борышкерге ұсыным берілді. Сондай-ақ, 851 борышкерге ҚР аумағынан шығуына шектеу қойылды», – деді Ирина Жұмабайқызы.
Әділет органдарымен мемлекеттік қызметтің 12 түрі көрсетіледі. Қызмет түрлерінің азаюы бірқатар тіркеу функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілуіне байланысты.
18 қазан 2020 ж. 70 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-371

22 қазан 2020 ж.

41-370

15 қазан 2020 ж.

40-369

08 қазан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031