» » Қазақстан өнімдерін 122 елге экспорттайды

Қазақстан өнімдерін 122 елге экспорттайды

Қазақстан өнімдерін 122 елге экспорттайды. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халықпен есептік кездесуі барысында айтты.
«Қазақстан ірі экспорттаушы елдердің арасында 53-ші орында тұр. Өңдеу өнеркәсібіндегі қазақстандық өнім 122 елге экспортталады. Өткен жылдың 11 айында экспорт көлемі 31,6 пайызға артып, 43,1 млрд АҚШ долларын құрады. Импорт 15,8 пайызға артты. Нарықтардағы экспорт үлесі мынадай: біз өз өнімдеріміздің 50 пайызын Еуропалық одаққа, 12 пайызын Қытайға, 11 пайызын ЕАЭО-ға және 5 пайызын Орталық Азияға шығарамыз. Біз уран, мыс, титан, ферроқорытпалар, сары фосфор, ұн, астық және басқа да өнімдерді жеткізуде әлемдік көшбасшы саналамыз», - деді министр. Оның айтуынша, Елбасының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы министрлік инвестиция тартуды күшейтетін болады. Бұл бағытта Қазақстанның инвестициялық брендін әзірлеу жұмыстары аяқталып қалды. Ақпаратты-мониторинг жүйесі өндірістік пайдалану үшін іске қосылды. Сонымен қатар осы жылдың мамыр айында елордада елімізге инвестиция тарту мүмкіншіліктерін кеңейте түсетін  халықаралық инвестициялық форум өтетін болады. «Индустриялық  салада 51 қазақстандық-қытайлық жоба бойынша жұмыс жалғасуда, 4 жоба іске қосылды. Ағымдағы жылы сомасы 363 млн долларды құрайтын 6 жобаны іске қосу жоспарланған. Жалпы 51 жобаның құны 27 млрд доллардан асып жығылады», - деді Жеңіс Қасымбек.

14 ақпан 2018 ж. 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031