» » ОНЛАЙН КЕҢЕС БЕРІЛЕДІ

ОНЛАЙН КЕҢЕС БЕРІЛЕДІ


Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов мәлімдеді. Мемлекет басшысының алдымызға қойған Цифрландыру бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП-сы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету мен кәсіпкерлікті қолдау орталықтары форматын тұтастай өзгерту үшін ұсыныс дайындауда. Соның нәтижесінде келесі жылдан бастап, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес бастаймын деген тұрғынға онлайн қызмет көрсетеді.
− Кәсіппен айналысамын, үйренсем, білсем деген ауыл азаматтарының қатары артып келеді. Дегенмен, барлығының бірдей аудан немесе облыс орталығына келіп, біздің қызметке жүгінуге мүмкіндігі бола бермейді. Енді азаматтардың өз ауылынан шықпай-ақ, ауылдық округ әкімінің кабинетінде біздің кеңесшілерімізбен скайп жүйесі арқылы қосылып, онлайн-кеңес алуға жағдай жасаймыз, – деді Ғ.Жақсылықов.
Бүгінде елімізде кәсіпкерлік саласы бойынша басқарушы кадрлардың дайындық және даму деңгейі жоғарғы дәрежеде емес. Сондықтан кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерімен қатар мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеруді де жоспарлап отыр.
15 ақпан 2018 ж. 795 0

PDF нұсқалар мұрағаты

21-350

28 мамыр 2020 ж.

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031