» » Консультативтік кеңес отырысы

Консультативтік кеңес отырысы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында  Дүниежүзілік экономикалық форум Жаһандық бәсекеге қабілетті индекстің индикаторларын жақсарту бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің кіші мәжіліс залында консультативтік кеңес отырысы өткізілді.
Жиынға Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті, Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы, Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы, Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасының қызметкерлірі, сондай-ақ кеңес мүшелері мен тиісті қызмет салалары бастықтары қатысты.
Жиналыс барысында облысымызда бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту, әкімшілік кедергілердің бақылау-қадағалау функцияларын төмендету, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, құқық бұзушылықтарға қатысты ІІМ қабылданатын шаралар туралы, сонымен қатар кәсіпкерлік және бизнес субъектілеріне қол сұғушылықтарға қатысты сұрақтар қаралды.
Сондай-ақ, кеңес отырысында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының  орынбасары әділет майоры Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлы  қылмыстық  атқару жүйесінде жеке кәсіпкерлерді тарта отырып, жұмыс орындарын ашу туралы, Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және профилактика қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі  Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылаудың кейбір мәселелері туралы, Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Еламан Жолмырза Қайыпұлы аймақтың өнеркәсіп саласының дамуы жайлы, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжанов Азамат Мақсұтұлы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында белгіленген іс-шараларды таныстыру туралы, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры директорының орынбасары Жанар Алтынбасарова «Елбасы жолдауын насихаттаудағы азаматтың қоғамдағы рөлі» тақырыбында баяндамалар оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілетті индексі индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың 2018-2019 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, полиция имиджін көтеру туралы индикаторының орындалуы іс-шара жоспарына енгізіліп, Ішкі істер министрлігі 3 индикатор бойынша жауапты болып белгіленді. Соған сәйкес, қылмыс пен зомбылық салдарынан бизнеске шығындар, яғни коммерциялық фирмалар және кәсіпкерлерге елеулі шығысқа және шығынға әкелетін қылмыстық құқық бұзушылықпен күресу, қылмыстың алдын алу туралы қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кеңес соңы талқылауға ұласып, жиналғандар толғындарған мәселелер төңірегінде өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, бірлесіп жұмыстар атқару қажет деген түйінмен жиынды қорытындылады.
16 ақпан 2018 ж. 592 0

PDF нұсқалар мұрағаты

42-319

17 қазан 2019 ж.

41-318

10 қазан 2019 ж.

40-317

03 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

06 қазан 2019 ж.

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031