» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫ БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік әдістемелік бұрыш» байқауы өткізілді.
    Облыстық деңгейде ұйымдастырылған байқауға Сыр өңіріне қарасты аудандардан өнер ұжымдары қатысып, үш кезең бойынша бақ сынады. Байқау нәтижесінде бас жүлдені Сырдария аудандық мәдениет үйінің әдістемелік кабинеті иеленді. Жүлделі І-орынды Қазалы ауданы Басықара ауылдық клубы еншілесе, ІІ-орын Жаңақорған ауданының намысын қорғаған Арман кенттік мәдениет үйіне бұйырды. Сәйкесінше, ІІІ-орындар Арал және Жалағаш аудандарына берілді. Байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар, басқа да қатысушыларға Алғыс хаттар тапсырылды.
     Байқау барысында Тереңөзек кенті мәдениет үйінің әдіскері Эльмира Тілеубергенова «Заманауи мәдени шараларды ұйымдастыру тәсілдері» тақырыбында шеберлік сабағын ұсынды.

20 желтоқсан 2017 ж. 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

04-333

30 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829