» » Қазақстандық жас миллионер

Қазақстандық жас миллионер

  «Forbes» журналында отандық миллионерлер тізімінде еліміздің ең жас кәсіпкері Марат Әбиевтің есімі жарияланды. Ақтөбелік жиырма төрт жастағы бизнесменнің байлығы 11 млн долларға жеткен.
Маратқа миллиондаған доллар аспаннан салбырап түскен жоқ. Осындай деңгейге жету үшін 13 жыл жұмыс істеді. Ең алғаш ақшаны он жасында тапты. Кезінде ел-жұрт айлығын ала алмай, жұмыс орындары жабылғаны белгілі. Тоқырау Әбиевтердің де отбасын айналып өтпеді. Аяқ астынан «макарон» жейтін күндер басталған тұста он жастағы Марат анасына келіп, «Неге еті жоқ тамақ жеп жүрміз?» деп сұрайды. Анасы бала демей, елдегі жағдайды байыппен түсіндіреді. Тек бұл отбасы ғана емес, көршілерінің де, таныстарының да, туған-туыстарының да жайы осындай екенін айтады. Сол кезде өзімен қатарлас балалар Ақтөбенің «Шығыс» базарында көлік жуып, ақша табатын. Ол сол топқа қосылады. Күніне бірнеше машина жуып, алғашқы табысын алғанда үйіне азық-түлік әкеледі. Ол кезде скотч – таптырмас құрал еді. Марат ойланбастан 2000 теңгеге жақын дүкендердегі скотчтардың бірін қалдырмай сатып алады. Мектепке келгеннен кейін сыныптастарына жыртылған кітаптардың әр бетін 5 теңгеге жабыстырып береді. Бірі күледі, бірі таң қалады. Оған мән беретін Марат жоқ. Осылайша жеті мың теңге тапқанына қуанады. 14 жасында ақтөбелік рэп-топтардың продюсері болады. Мектепті тәмамдаған соң Ақтөбе кооперативтік техникумын «Ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығын бітіреді. Компьютерлік қызмет көрсетумен айналысып, интернет сайттарын жасап, арнаулы студия ашады.
«Кейбір достарым менен қарызға ақша сұрайды. Қиналып тұрған соң беремін. Алайда көбі қайтаруға асықпады. Сұрасам, «сенде ақша көп қой» деген жауап аламын. Рас, менде ақша бар. Бірақ оның бәрі адал еңбекпен келген. «Адамға балық берме, балық аулайтын қармақ бер» дегендей, ақша адамды бүлдіреді. Сондықтан оларға ақша табуға мүмкіндік берген дұрыс деп ойладым. Мүмкіндік олардың да баюына жол ашылып қалар. Өз тәжірибемнен түйгенім, ақша табу – қажырлы еңбек. Мен 10 жасымнан 23 жасыма дейін еңбек еттім. Бұл кітапта жинаған тәжірибеммен бөлістім. Оны оқыған жастардың көбі шабыттанып, текке жүрмеуге тырысады деген үмітім бар. Кез келген бизнес бастаманың табысты болуы қазақ менталитеті мен психологиясын білуге байланысты. Іштей биязы болып, қазақтың тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеу керек», - дейді Марат Әбиев.  Кәсіпкер болғысы келетіндерге арналған кітаптың тиражы 7777 дана. Марат Әбиев кітаптан түскен барлық қаржыны қатерлі ісікпен ауыратын балалардың еміне жұмсайтынын айтты.
Дайындаған: Жансая СӘБИТБЕК
15 наурыз 2018 ж. 703 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 39 (264)

27 қыркүйек 2018 ж.

№ 38 (263)

20 қыркүйек 2018 ж.

№ 37 (262)

13 қыркүйек 2018 ж.

Хабарландыру

Экономика

Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.
МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031