» » Бизнес заң алдында қорғалады

Бизнес заң алдында қорғалады

 Бүгінгі таңда мемлекет басшысының бастамасымен кәсіпкерлердің кәсібі дөңгеленіп, ел экономикасын бірге нығайту қолға алынған. Әрбір кәсіпкердің тірлігінің алға басуы – елдің қаржылық жағдайының көтерілуі. Дамыған мемлекеттердің қай-қайсысы болмасын, осындай жолдан өткені айқын. Өзге мемлекеттердің озық тәжірибесін, оның ішінде әбден өз тиімділігін дәлелдеген жобаларды қолға алып, елдің дамуын жүзеге асыру – ең оңтайлы дүние. Бұл ретте кәсіпкер болуға ынталы азаматтар қолдауға ие. Елдегі шешуші рөл атқаратын органдардың бірі сот төрелігі бұл ретте аз еңбек етіп жатқан жоқ. Біз зайырлы мемлекет болғанымызбен көптеген кәсіпкерлер өз құқықтарын біле бермейтін. Қазір өзінің заңды құқығын талап етіп, тексеру органдарына қарсы тойтарыс берерлік қауқар жинады. Өзара заңды өкіл арқылы, заңгер арқылы шешімін таба алмайтын тұстарда кәсіпкерлер сотқа шағымдана алады. Сотта дау-дамай барысы жан-жақты қырынан зерделенеді. Сол себепті, кәсіпкерлердің құқығы ашық тапталып, дәлелденсе, олардың мүддесі қорғалады.
Өткен жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, «Бизнестің мүддесін сотта қорғау» жобасының шеңбері аясында «Корпоративтік дауларды шешудегі сот практикасы» тақырыбында семинар өткізген. Аталған семинар барысында облыс судьяларына аймақтық кәсіпкерлер палаталарының жұмыстарымен жақынырақ танысу ұсынылды. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты былтыр кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге жасап жатқан қызметтерімен жан-жақты танысу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізді. Ұлт жоспары 100 нақты қадам кәсіпкерлер мен отандық және шетелдік инвесторлар құқығын қорғауда тірек болар іргелі ізденістерге жол ашты. Елбасы сот жүйесінің мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, сондай-ақ, елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің, инвесторлардың құқықтарын қорғауда аса маңызды рөль атқаратынын айқындап берді.
Жоғарғы сотта инвестициялық істерге таразылық жасайтын маңызды алқа құрылды. Бұл жай алқа емес, мамандандырылған алқа. Мұнда ірі инвесторлар мен кәсіпкерлердің дауы қаралады.
Ғ.Бекмамбетов,
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының судьясы
15 наурыз 2018 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 48 (222)

07 желтоқсан 2017 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30