» » 2018 жылдан бастап жәрдемақы төлеу тәртібі қалай өзгереді

2018 жылдан бастап жәрдемақы төлеу тәртібі қалай өзгереді

АӘК келесі жылдан бастап отбасыларға кешенді көмек ретінде қарастырылмақ, деп жазады Altaynews. Облыс орталығы Өскемен қаласынан келген «Әлеуметтік экспресс» ұтқыр тобының өкілдері Семей қаласына келіп, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. 2018 жылдан бастап атаулы әлеуметтік жәрдемақыларда өзгерістер орын алмақ. «2015 жылдың 28 қазанынан бастап Атаулы әлеуметтік көмектің жаңаша өзгерістері туралы Заң қабылданды. Бұл осыдан үш жыл бұрын орын алған біршама өзгерістер еді. Осы үш жыл ішінде жаңа өзгерістерді тәжірибеге енгізу бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл атаулы көмектің жаңадан ойлап табылған түрі емес. Бізде Атаулы көмек 2002 жылдан бастап төленіп келе жатыр. Яғни, жаңа заңнамадан бөлекше түрі. Бұрын АӘК қалай төленгендігін білесіздер, мәселен, отбасының кірісі есептелетін, егер кіріс өмір сүру деңгейінен 40 пайыз аспаса, біздің мекеме Атаулы әлеуметтік көмекті төлейтін. Жаңа жүйеде бұл сәл өзгереді. Біріншіден, атаулы әлеуеметтік көмектің көлемі көбейеді. Егер ортақ кіріс 50 пайыздан аспаса, біз ол отбасына АӘК төлейміз», - деді Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Райхан Барлықова,  «Әлеуметтік экспресс» түсіндіруші ұтқыр топ мүшелерінің хабарлауынша, Қазақстанда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы тағайындау рәсімін едәуір жеңілдетіп, оны алушылардың барлығын мейлінше қамтуға мүмкіндік береді. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) қазіргі қолданыстағы жәрдемақылардың үш түрін алмастырады, осылайша жәрдемақыны алуға қажетті құжаттардың санын айтарлықтай қысқартады. АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмекке бөлінген. Мысалы, Шартсыз көмек еңбекке жарамды мүшелері жоқ барлық отбасыларға, мысалы, мүгедектер немесе зейнеткерлер отбасыларына немесе еңбекке жарамды мүшелері дәлелді себептер бойынша жұмысқа араласа алмайтын отбасыларға, мысалға, мектепке дейінгі жастағы балалары бар жалғыз басты аналарға беріледі. Осындай отбасыларға жәрдемақыны алу үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

22 желтоқсан 2017 ж. 614 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30