» » Қазақстандықтар ай сайын Қазпоштаға 3 миллиард теңгенің несиесін сұрап барады

Қазақстандықтар ай сайын Қазпоштаға 3 миллиард теңгенің несиесін сұрап барады

Ай сайын Қазпошта қазақстандықтардың кепілсіз несиеге қатысты өтініштерін жібереді. Бұл туралы Қазпочта бизнесі жөніндегі директор Азат Машабаев айтты.
Ол өтініштің 80 пайызы ауылға, 20 пайызы қалаға кететінін айтты.
«Несиелеудің бұл жүйесі аймақтар үшін маңызды, өйткені интернет, банкомат, терминалдар жоқ жерлер бар. Сондай-ақ, банк филиалдары қалаларда ғана бар, ал ауыл тұрғындары да қала тұрғындары сияқты несиеге мұқтаж», - дейді Машабаев.
Ол қазіргі уақытта үш банк несиені Қазпошта арқылы берілетінін айтты. 2018 жылдың соңына қарай 8 қаржы институтын тарту жоспарда бар.
Сонымен қатар, Машабаев Қазақстандағы онлайн-сауда туралы сөз қозғады. Бұл сала да ауыл-аймақтарда жақсы дамымаған.
«Ауылды жерлерде халық тығыз орналаспаған, сондықтан ол жаққа сәлемдеме жіберу де тиімсіз», - дейді ол.
Ол өткен жылдың ортасынан бастап Қазпошта газеттерді ауылға дрон арқылы жеткізгенін айта кетті. Осы уақытқа дейін 1,5 тонна қағаз жаңалық ауылдарға жеткізілді. Қазіргі уақытта бұл әдіс Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында қолданылады.

28 сәуір 2018 ж. 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 33 (258)

16 тамыз 2018 ж.

№ 32 (257)

09 тамыз 2018 ж.

№ 31 (256)

02 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031