» » Жастардың жаңа жобаларын кім қаржыландырады?

Жастардың жаңа жобаларын кім қаржыландырады?

Астанада өтіп жатқан жастар бизнес-жобалары байқауының финалына өткендер "Менің арманым" телевизиялық шоуына қатысады. Бұл кезең стартаптар аукционы ретінде өтпек. Жоба авторлары инвесторлар мен кəсіпкерлерге, Қазақстандағы ірі венчурлық компания өкілдеріне өз жобаларының артықшылықтарын дəлелдеп беруі керек. 
"Бұл - білімін өмірде қолданып, іске асыра білетіндерге арналған жоба. Еуропалық мемлекеттер білімді меңгеру ғана емес, оны іс жүзінде қолдана білудің қаншалықты маңызды екенін баяғыда-ақ түсініп қойған. Біз қазір сіздермен мүмкіндіктер нүктесінде тұрмыз. Бұл нүктеде таңдау жасауымыз керек: не бұрынғы форматта қалып, баяу даму сатысында қаламыз, не жылдам түрде үлкен əлемге кіреміз. Білім - елдің келбеті, ал мемлекеттің келбеті қалай болу керек екенін жастар жақсы біледі. Жастардың инновациялық ойлау қабілеті бар. Өзгерістер өте тез болады. Біз арманын жүзеге асыруға талпынып, шабыттанып жүрген жастарды көргенде дəл осы жастар қоғамды жақсы жаққа өзгертетіні туралы ойлаймыз. Жастардың ойы, рухы еркін болғанын, армандары орындалғанын қалаймыз" - дейді ҚР БҒМ кеңесшісі Майраш Тайкенова.
Байқау аяқталған соң аймақтардағы кəсіпкерлік пен инновацияны дамыту орталықтарында 16 аймақтағы жұмысты қорытындылауға арналған "Аймақтық Demo Day" өтеді.

08 маусым 2018 ж. 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

43-320

24 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930