» » Бензин өндірісі 11,7% артты

Бензин өндірісі 11,7% артты


Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында бензин өндірісі 1761,9 мың тоннаға жетті. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11,7 пайызға көп, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Есептік кезеңде Қазақстанда 121,8 мың тонна керосин өндірілген. Нақтырақ айтқанда, бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтар-маусым айларына қарағанда 9,4 пайызға артық. Сонымен бірге, 1247,4 мың тонна (+6,6 пайыз) төмендетілген пропан мен бутан, 2224,3 мың тонна (-0,9 пайыз) газойль, 1505,9 мың тонна мазут (-2,5 пайыз) шығарылған. Бұдан бөлек, 1014 мың тонна (+4,5 пайыз) ферроқорытпа, 1461 мың тонна (+6 пайыз) тегіс прокат, 75,9 мың тонна (+3,2 пайыз) тазартылған қорғасын, 164,5 мың тонна (+1,2 пайыз) мырыш, 199,5 мың тонна (-5,7 пайыз) тазартылған мыс өндірілген.

16 шілде 2018 ж. 485 0

PDF нұсқалар мұрағаты

19-348

14 мамыр 2020 ж.

18-347

07 мамыр 2020 ж.

17-346

01 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031