» » Kazakh Tourism компаниясы 120 млн теңгеге экспедиция ұйымдастырмақ

Kazakh Tourism компаниясы 120 млн теңгеге экспедиция ұйымдастырмақ

Алтайдан Жібек жолына дейінгі аралықты қамтитын экспедицияны ұйымдастырамыз. Экспедиция 6 бағыттан тұрады. Жобаның құны – 120 млн теңге. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Kazakh Tourism ҰҚ АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев айтты.
Оның айтуынша, қазіргі таңда туризмнің дамуына мемлекет тарапынан тиісті көмек көрсетілуде.
Осы орайда компания басшылығы «Ұлы Дала Еліне саяхат: Алтайдан Жібек жолына дейін» атты 6 бағыттан тұратын экспедиция ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
«Жақында Елбасы Бурабайға сапары кезінде Қазақстанның көрікті жерлерін қазақстандықтарға ғана емес, шетелдіктерге де көрсету қажеттігін айтты. Еліміздің табиғаты ерекше екені белгілі. Сондықтан біз Алтайдан Жібек жолына дейін, Тянь-Шаньнан Каспийге дейінгі, Сарыарқадан, Алатауға дейінгі аралықты қамтитын, 6 бағыт бойынша экспедиция ұйымдастырғалы отырмыз. Бір бағытқа 20 млн теңге жұмсалады. Жалпы экспедицияға 120 млн теңге бөлінбек», - деді Рашид Күзембаев
Осы орайда төраға аталған қаржы жолға, экспедияға қатысатын адамдарды тамақтандыруға және т.б. шығындарға жұмсалатынын атап өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспедиция 2018 жылғы 18 шілде мен 29 қыркүйек аралығында 6 бағыт бойынша өткізіледі. Яғни экспедиция құрамындағы 140-қа жуық адам «Тянь-Шань маржаны» (Алматы облысы), «Алтай – өркениет бесігі» (Шығыс Қазақстан облысы), «Жоңғар Алатауы» (Алматы облысы), «Сарыарқа» (Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстары), «Теңізден теңізге дейін» (Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары), «Жаңа Жібек жолы» (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары) атты еліміздің көрікті жерлеріне саяхат жасайды. Осы орайда Kazakh Tourism ҰҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсеғалиев экспедиция аяқталған соң, 6 бағыт бойынша туристер үшін арнайы жол картасы дайындалатынын атап өтті.
17 шілде 2018 ж. 361 2

Гость JeaKeenny от 26 ақпан 2019 17:09
Cialis Femme Avis buy viagra Propecia Efectividad Buy Viagara Online No Prescription

Гость JeaKeenny от 15 наурыз 2019 10:49
Orlistat In Colorado Co Doctor Propecia Largo Plazo Canadian Drugstore Online viagra Prix Kamagra Allemagne Priligy 90 Mg Cephalexin Clindamycin

PDF нұсқалар мұрағаты

45-322

07 қараша 2019 ж.

44-321

31 қазан 2019 ж.

43-320

24 қазан 2019 ж.

Хабарландыру

Экономика

U-STUDY

U-STUDY

13 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930