» » Келешекте қандай мамандық иелері жоғары жалақы алады?

Келешекте қандай мамандық иелері жоғары жалақы алады?

Мамандар бүгінде жоғары жалақы алып, болашақта жұмыссыз қалмайды деген мамандық түрлерін анықтады. Болашақта табысы мол мамандық өкілдерінен сұхбат алу үшін rbc.ru басылымы HeadHunter компаниясының зерттеуіне жүгінді. Болашақтағы еңбек нарығында қандай мамандықтар табысты болмақ? Мамандар осы сауалдың жауабын анықтау үшін соңғы үш жылда жарияланған 13 рейтинг пен тізімді (олардың алтауы ағылшын, қалған жетеуі орыс тілінде) зерттеу нысаны ретінде алды. Осылардың ішінен ең көп таралған мамандық түрлері сараланып, олар туралы ақпарат «HeadHunter HR лига эксперттері» сотының мүшелеріне жолданды. Осы зерттеу аясында 54 сұхбат жүргізілді.
Нәтижесінде HeadHunter көзқарасымен алдағы он жылда табысты болады деген 15 мамандық алынды. Кейін РБК басылымы бүгінде жоғары жалақы алып, болашақта жұмыссыз қалмайды деген мамандық өкілдерімен сұхбаттасты.
HeadHunter нұсқасы бойынша «болашағы зор мамандықтар» тізімі:

1. Биоинженер
2. Энергияны қайта қалпына келтіру инженері
3. «Ақылды» орта жобасын құрастырушы
4. Робототехника саласындағы маман
5. Кибер қауіпсіздік саласындағы маман
6. Альтернативті энергетика саласындағы маман
7. Нейропсихолог
8. Биоинформатик
9. Бағдарламашы/құрастырушы
10. Инженер құрастырушы
11. 3D-басып шығару инженері
12. Гендік инженерия саласындағы маман
13. Виртуалды шындық дизайнері
14. Виртуалды шындық архитекторы
15. Биофармаколог
Юлия Пудова 30 жаста. Tsuru Robitics-те робототехниканы қолдану саласында менеджер болып жұмыс істейді. Дон мемлекеттік техникалық университетінің Роботехника және мехатроника кафедрасында білім алған. Айтуынша, әріптестері кемінде 70 мың рубль жалақы алады.
«Кәсіби көзқарасы қалыптасқан ресейлік инженерлерге эстетикалық талғам жетіспейді. Инженерия мен материалдардың өтімді болуына оның дизайны мен сыртқы көрінісі тікелей әсер етеді. Біздің инженерлеріміз күрделі модельдерді жақсы құрастырады. Бірақ, біз дизайн жағынан шетелдік өндірушілерден қалып қоямыз. Инженериядағы коллаборация және өнердің орны ерекше. Ресейлік инженерлердің осы нәрсені мойындайтындарына ризамын.
23 желтоқсан 2017 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 20 (245)

17 мамыр 2018 ж.

№ 19 (244)

11 мамыр 2018 ж.

№ 48 (222)

07 желтоқсан 2017 ж.

Хабарландыру

Нұрлы жер

Нұрлы жер

22 мамыр 2018 ж.
Даму өндіріс

Даму өндіріс

22 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031