» » ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП ҚОҚЫС ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА КЕШЕН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП ҚОҚЫС ӨҢДЕЙТІН ЖАҢА КЕШЕН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Алматыда 1 қыркүйекте қоқыс өңдейтін жаңа кешен ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2017 жылы желтоқсанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды », - деді қалалық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаев.
Оның айтуынша, жоба аясында қоқысты бөлек жинау, қоқысты қайта өңдеуді кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. Кешеннің өзі Алатау ауданында орналасқан.
«Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары күнтізбелік кестеден қалып қойды. Администратор мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында белгіленген уақытта инженерлік желілерді жүргізіп бітіре алмады. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу конкурсы екі рет өтті. Сондықтан, қоқыс өңдеу зауытын пайдалануға беру уақыты 1 қыркүйекке қалдырылды», - деді Ә.Масабаев.
24 шілде 2018 ж. 824 0

PDF нұсқалар мұрағаты

06-335

13 ақпан 2020 ж.

05-334

06 ақпан 2020 ж.

04-333

30 қаңтар 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829