» » БЕС ЖҰЛДЫЗДЫ ПЕРЗЕНТХАНАЛАР ПАЙДА БОЛДЫ

БЕС ЖҰЛДЫЗДЫ ПЕРЗЕНТХАНАЛАР ПАЙДА БОЛДЫ

Голливуд жұлдыздары өз перзенттерінің Лос-Анджелестегі №6 Cedars-Sinai Medical Center-де дүниеге келуін қалайды. Мұнда жас босанған анаға кең сарайдай апартаменттер, мейрамхана мәзірі, жеке күтуші ұсынылады. Ақпарат агенттіктері ондағы дә­рігер­лердің күлімсіреумен шектелмей, ән шырқап, би би­леп, бала туу процесін мейрамға айналдыратынын там­сана жазады. 
Дәл осы деңгейге жетпегенімен, Қа­зақ­станда да «бес жұлдызды» перзентханалар пайда болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Қазақстан­дағы медициналық ұйымдардың рейтингін жария­лады. Бұл рейтингті түзу үшін ДСДРО ішкі және сыртқы аудит нәтижелеріне ғана емес, сондай-ақ 2017 жыл бойы жиналған пациенттердің пікірлеріне де сүйенген көрінеді. Бір атап өтер жайт, бағалауға рес­публикалық, облыстық және қалалық деңгей­лердегі тек мемлекеттік емханалар мен ауруханалар ғана емес, сонымен қатар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсететін жекеменшік клиникалар да іліккен.
Негізі, отандық медициналық ұйымдар мен ғылы­ми орталықтардың жыл сайынғы рейтингін жасау «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында қарас­тырылған екен. Ол денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық ұйымдар қызметінің ашықтығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Рейтингті есептеуге керек индикаторлар ретінде «медициналық қызметтердің сапасын және ресурс­тарды пайдаланудың тиімділігін» паш ететін 50 шақты ең маңызды көрсеткіш іріктеліп алынды.
Денсаулық сақтауды дамыту орталығы 2017 жылдың қорытындысына арналған бұл рейтингтің көрсет­кіш­терін есептеуге биылғы маусым айында ғана кірісіпті, себебі, әдістеме қайта қаралған көрінеді. Жаңа әдістеме, орталықтың сендіруінше, енді пациентке бағытталған көрсеткіштерге анағұрлым сезімтал қарайды. Бұрын онда қасаң статистикаға деген «сүйіспеншілік» басым болатын. Бұл жолы ана мен сәбилердің өлім-жітімі, «ревизорлардың» есептерінің ғана емес, айы-күні жетіп, босанған әйел­дердің перзентханаға қатысты ашық әрі эмоционалды пікірлерінің де ескерілуі соның дәлелі болса керек.
– Рейтинг әдістемесінің жаңа редакциясында ұйымның бейін-профиліне байланысты бірқатар жаңа индикаторлар қосылды: бұлардың қатарында медициналық ақпараттық жүйені қолдануы, дәрігердің 1 ставкадағы орташа айлық жалақысы мен сол өңірдегі орташа айлық жалақының арақатысы, байқаушылар кеңесінің болуы, медициналық персоналдың өз еңбек жағ­дайларына қанағаттану­шылық деңгейі, халықаралық және ұлттық аккре­диттеудің болуы (ҒЗИ, ҒО үшін), eGov платформасы арқылы дәрігердің қабылдауына электронды түрде жазылу мүмкіндігінің ұсынылуы және басқалар бар, – деп түсіндірді Денсаулық сақтауды дамыту орталығы.
Бұдан өзге, рейтингтің бұрынғы «балдық жүйесі» 1-ден 5-ке дейін жұлдыздар беруге ауыстырылды. Бұл жұлдыздар екі бағыт, яғни клиникалық қызмет және менеджмент деңгейі, ал ғылыми ұйымдар үшін қо­сым­ша «ғылыми қызмет» бағыты бойынша тағайын­далады.
Шындығында, рейтинг нәтижелері көңіл көншіт­пейді. Өйткені «менеджмент көрсеткіштері» бойынша бүкіл Қазақстанда «бес жұлдыз» деңгейіне жауап беретіндері саусақпен санарлық болып шықты.
Нақтырақ айтсақ, бағаланған 17 ғылыми-зерттеу институты мен ұлттық орталықтардың небары 3-еуі, ал медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсе­тетін 168 медициналық ұйымның тек 5-еуі ғана менеджмент жөнінен ең жоғары бағаға сай болып, «бес жұлдыз» алды.
Енді қараңыз, басқарудың озық жолға қойылуы жөнінен республикадағы ересектерге арналған 170 қалалық стационардың, ересектердің 32 облыстық стационарының, балаларға арналған 13 облыстық стационардың және балалардың 15 қалалық стацио­нарының, сондай-ақ 25 қалалық және 17 облыстық маңыз­дағы перзентханалар мен перина­талды орталық­тардың бірде-бірі ең жоғарғы рейтинг ала алған жоқ.
Дегенмен бір жақсысы, «клиникалық көрсет­кіштер» бойынша жүргізілген бағалау нәтижелері жалп етіп сөнген үміт шырағданын қайта жаққандай. Рейтинг қорытындысы бойынша бұл бағытта 97 қалалық ересектер стационары, 9 облыстық ересектер стацио­нары, 3 облыстық балалар стационары, 2 ҒЗИ мен ҰО бұдан былай «бес жұлдызды» атанғандарын мақтана хабарлай алады.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 168 ұйымның ішінде бар-жоғы 8-і ғана ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Кейінгі кездері бірқатар перзентхананың өмір сыйлау орнына, өлім-жітімге соқтыру орнына айналып кеткені қоғамда алаңдаушылық тудыруда. Әйткенмен, Денсаулық сақтауды дамыту орталығы бұл мекемелер арасында да үлгілілері, үздіктері барлығын анықтаған.
– Қалалық маңызы бар 25 перзентхана мен перинаталды орталықтардың ішінде клиникалық көрсеткіштер бойынша 6 ұйымға «бес жұлдыз» берілді, бұлар – Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының Қалалық перинаталдық орталығы, Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқар­масының Жаңаөзен қалалық перзентханасы, Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының Қалалық перинаталдық орталығы, Өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталық ЖШС, Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқар­масының Арқалық перзентханасы, Денсаулық сақтау министрлігінің «Акушерия, гинекология және пери­натология ғылыми орталығы», – деп тізбеледі орталық мамандары.
Мұның сыртында «клиникалық қызметі» бойынша 17 облыстық перинаталды орталықтың 6-уы бес жұлдызға ие болды. Қазақстандықтар баланы туу қай жерде жайлы әрі қауіпсіз болатынын біліп, жос­парлай алуы үшін бұлардың да тізімін жариялай кеткеніміз жөн: Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Перинаталдық орталық, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық перинаталдық орталығы, Ақтөбе облы­сы­ның Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық пери­наталдық орталығы, Қостанай облысының Ден­саулық сақтау басқар­масының Қостанай перина­тал­дық орталығы, Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық перинаталдық орталығы, Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқар­масының Облыстық перинаталдық орталығы барлық сынақты «беске» тапсырып, бар жұлдызды жиды.
Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай кез келген адам осы рейтингке ықпал ете алатынын еске салады. Қазіргі уақытта Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Халықтық бақылау» мобильдік қосымшасын қолданысқа берген, онда әрбір пациенттің кепілдендірілген тегін көмек шеңберінде көрсетілген қызмет үшін медициналық ұйымға өз бағасын қоюға мүмкіндігі бар. Нәтижесінде, ДСДРО-ның жыл сайынғы рейтингіне қоса, осы «Халықтық бақылау» мобильдік қосымшасы арқылы да мемлекет жыл бойы пациенттермен кері байланыс жасаудың жылдам әдісін іске қосып отыр.
Айхан ШӘРІП
31 шілде 2018 ж. 391 3

Гость JeaKeenny от 10 ақпан 2019 22:23
Cialis Ou Viagra Acheter online cialis Cost Zithromax Acquisto Levitra Gratis Rash Resulting From Amoxicillin

Гость JeaKeenny от 2 наурыз 2019 16:28
Achat Boite Kamagra buy cialis Buy Zithromax Viagra 50mg Posologie

StevEntipt от 8 мамыр 2019 00:12
Zithromax 4 Tablets At Once Buy Amoxicillin Capsules In Uk Viagra Generico Natural viagra Can Amoxicillin Cause A Stuffy Nose Misoprostol How Long Does It Take Clomid Consequence Grossesse Multiple

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30