» » Қазақстандық банктерге ипотекалық қарыз беруде комиссия ұстауға тыйым салынды

Қазақстандық банктерге ипотекалық қарыз беруде комиссия ұстауға тыйым салынды

Қазақстандық банктерге ипотекалық қарыз бойынша банк шотын жүргізгені үшін комиссия алуға тыйым салу енгізілді.
Банктің мәліметінше, мұндай Заң нормасы 2018 жылдың 16 шілдесінде қолданысқа енгізілген.
«Комиссиялар тізбесін оңтайландыру, қарыз алу және оған қызмет көрсету кезінде қарыз алушылардың шығыстарын қысқарту шеңберінде Ұлттық Банктің бастамасы бойынша 2018 жылғы 16 шілдеден бастап Банктер туралы заңға өзгертулер енді. Яғни қызмет көрсетуге байланысты банк шотын жүргізгені үшін банктердің комиссиялар белгілеуіне және алуына, сондай-ақ Заңның нормасы қолданысқа енгізілгеннен кейін жеке тұлғалармен жасасқан ипотекалық қарыз шарттары бойынша банк шотына қарызды есепке алуға тыйым салу енгізілді», - делінген хабарламада.
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес барлық жеке тұлғаларға қатысты қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банк шотын жүргізгені үшін, сондай-ақ банк шотына қарызды есепке алу үшін комиссияларды жою туралы осындай норма қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында қамтылған.
Ұлттық Банк 2016 жылғы 30 мамырда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіткен болатын.
«Комиссиялар тізбесі банктер өндіріп алатын комиссиялар санын айтарлықтай қысқартуға және оларды атаулары мен мағыналық мәндері бойынша бірегейлендіруге мүмкіндік берді, бұл қарыз алушылар үшін оларды барынша түсінікті етті», - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
01 тамыз 2018 ж. 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

38-315

19 қыркүйек 2019 ж.

37-314

12 қыркүйек 2019 ж.

36-313

05 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30