» » ҚЫЗЫЛОРДА – МИЛЛИОНЕРЛЕР АЙМАҒЫ

ҚЫЗЫЛОРДА – МИЛЛИОНЕРЛЕР АЙМАҒЫ

Баян ЕГІЗБАЕВА, "Zhas project"   жобасының аймақтық үйлестірушісі:
 
     Мемлекет жастарға үлкен қамқорлық көрсетіп келеді. Қай бағыт болмасын қолдауға ие. Мысалы, бір ғана кәсіпкерліктің маңайында бірнеше жобалар қарастырылған. Ең бастысы, ізденіс пен іскерлік керек. Міне, осы тұрғыда тағы бір баянды бастама – «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы. Кәсіпті игеремін деген жасқа септігі мол. Биыл өңірге келген жобаның маңыздылығы қандай? Мұны Баян Жақсыбекқызынан сұрауды жөн көрдік.

– Баян Жақсыбекқызы, жаңа жобаның жаңалығы көп деп білемін. Әсіресе, ауылдағы жастар үшін мүмкіндігі мол жоба десек болады. Жалпы "Zhas project"-тің өзгелерден айырмашылығы қандай?
– Zhas Project осал топтағы жастарға арналған бірегей бағдарлама. Кейбір жастардың қолында дипломы жоқ, жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі және тұл жетім болуы мүмкін. Осы топтарды қолдауға арналған. Бұл бағдарламаға үш немесе бес адамнан тұратын 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысты. Облыс көлемінде мыңнан аса жоба жолданды. Соның арасынан 266-сы грантқа ие болды. Жалпы, 6 облысқа 1000 грант үйлестірілген болатын. Статистикалық мәліметпен сөйлер болсақ республика көлемінде алғашқы орынды қамтыдық. Жеңімпаздарға 1 000 000 теңге көлемінде қайтарымсыз қаржы беріледі. Сондай-ақ, жобаны іске асырудың әр айы үшін 6 ай көлемінде шәкіртақы бөлінеді. Жоғарғы оқу орнын бітіргендерге 60 мың теңге, орта оқу орнын немесе мектеп бітірген жастарға – 40 мың теңгені қамтиды. Осы уақыт аралығында жас кәсіпкерлер өз кәсібінен пайда көрмеуі тиіс. Яғни, қатысушылар өз жобасы бойынша тапқан табысын тегін мақсатта мұқтаж жандарға береді. Әлеуметтік жоба болғандықтан мақсаты да осы. Айта кететін жайт Zhas Project жобасы Қызылорда облысында алғаш рет жүзеге асуда.
– Жобаға қатысушылар арасында тың идея, таңданыс тудыратындай жұмыс көзін ұсынғандар бар ма?
– ХХІ ғасыр – жаңа технологияның, ғылым мен білімнің ғасыры. Кейбір тың жобаларды көріп, қуанғаным жасырын емес. Мысалы, робототехниканы меңгеру және құрастыру секілді жобаларды кездестірдім. Негізінде өңір жастарының әр қимылына таңданыспен қарауға болады.
– Аудандар арасында кей аймақтың жобаға қатысу деңгейі төмен. Оның кемшілігі неде деп ойлайсыз?
– Рас, мұны мойындаймын. Арал мен Қазалы аудандарынан жобаға қатысуға ниет білдірген жастар аз болды. Жоба Қызылордаға келерде жастарға дәріптеу мақсатында жүйелі жұмыстар атқардық. Халық көп шоғырланған орындарға билбордтар іліп, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Одан бөлек аутрич жұмыскерлерді қабылдап, үйлерді араладық. Бір ғана Арал ауданына 10 аутрич жұмыс істеді. Өкінішке қарай, сол ауданнан 11 ғана жоба келіп түсті. Бұдан байқағанымыз, аталмыш екі ауданда жастар белсенділігі сәл төмендеу екен.
– Жасыратыны жоқ, кейбір замандастарымыз қысқа уақытта байып кетуді ойлайтыны рас. Оларға қандай кеңес берер едіңіз немесе жастардың бизнеске көзқарасын қалай бағалайсыз?
– Бұл тек жастарға ғана тән қасиет емес. Кез келген адам мұндай ойға шомылады. Бұлай ой қозғағанын құптаймын. Әрине, мұны нарықтық заманмен байланыстырған жөн. Мемлекет тарапынан жасылынып жатқан бар мүмкіндікті тиімді пайдалануға әрбір жастың өз ұмтылысы болуы тиіс. Өйткені, өмір ағыны тоқтамақ емес, жастық шақтың да жарқ етіп өте шығары баршаға мәлім. Кәсіпкер болатын жан ізденіс үстінде болғаны жөн. Сонымен қатар мүмкіндікті мүлт жібермеген абзал.
Аймақ жастарын бизнес саласы көп толғандырады екен. Яғни, қызығушылық басым. Бір ғана Жаңақорған ауданынан 69 жобаның жеңгенін көрдік. Бұл аудан жастарының кәсіпке құштар екенін аңғартады. Мұндай қарқынмен жоғары жетістікке жетуге болады. Болашақта Қызылорда – миллионер қала боларына сенімдімін.
Сіздің жастарға оң ниетіңізді әрдайым байқаймын. Бір жағынан жастар жобасының жетекшісі ретінде Сыр өңірінің дамуында жастардың үлесі қаншалықты қомақты?
– Жігерлі жастары бар, арманнан ақиқатқа айналған аймақта өмір сүргенге не жетсін. Жоғарыда атап айтқандай, өңір жастары қай сала болмасын меңгеріп кетуге дайын. Мұны бір жоба арқылы-ақ аңғардық. Өңір дамуына жастардың қосқан үлесі жоғары.  
Сұқбаттасқан:
Ерасыл ШӘРІБЕК
30 тамыз 2018 ж. 1 140 3

Гость JeaKeenny от 13 ақпан 2019 03:52
Drugs Onn Line Cialis Da 10 O Da 20 buy generic cialis online Augmentin Or Amoxicillin Dog Uti Dosage

Гость JeaKeenny от 5 наурыз 2019 03:15
Comprar Levitra Mas Barata viagra online pharmacy Cheap Safe Viagra Canada Wholesale Pharmecy Levitra Vardenafil Online

Danielcudge от 16 маусым 2019 00:29
next page this post cialis 20 mg street value

PDF нұсқалар мұрағаты

25-302

20 маусым 2019 ж.

24-301

13 маусым 2019 ж.

23-300

06 маусым 2019 ж.

Спорт

ЖЕРЛЕСТЕРДЕ ЖЕТІ ЖҮЛДЕ
22 маусым 2019 ж. 21

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930