» » Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

    Қазалы десе, ең алдымен дәмі таңдайда қалған қара күләбі мен ащы кәмпиті елдің есіне бірінші түседі. Ілгеріде бұл екеуінің бірі Қазалы ауданының кез келген бақшасында піссе, бірі жергілікті жердегі кірпіш зауыты маңында өндіріліп, күллі Қазақстанға тарайтын. Күләбі қауыны әлі де бар. Ал Қазалы кәмпиті тоқырау жылдары тоқтап қалды. Кейін тәттінің қыр-сырын меңгерген қазалылықтар кішігірім цехтар ашып, бұл кәмпитті қайта жандандырды.
Рас, Нұрбек Қазбергенов есімді қазалылық азамат Қазалы кәмпитін өндіретін цех ашты. Цехта 17 адам тұрақты жұмыс жасайды. Барлығы – аудан тұрғындары. Еңбекақылары уақытылы, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы жұмыс беруші кәсіпкер назарында. Онда аталған өнімнің бірнеше түрі өндіріледі.
«Анамның айтуынша, бұрын «кірпіш зауыттың ащы кәмпиті» деп аты шыққан бұл өнім сол зауытының ішінен шыққан. Кейін зауытпен бірге кәмпит шығару да тоқтаған. Анам Фатимамен бірге кезінде сұранысы көп болған тәттіні қайта шығаруды қолға алдық. Оның үстіне мемлекетіміз қолдау білдірсе, неге жасамасқа?! «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 18 миллион теңге несие алып, бизнесті бастап жібердік. Әдепкіде қиналдық. Оның үстіне кәмпиттерді  біразға дейін қолмен шығарып келдік. Шикізатты қайнатып, илеп, қалыпқа келтіргенше жұмысшылар біраз күш жұмсап, шаршайтын. Қазір цех толығымен заманауи құралдармен жабдықталған. Қытай, Ресей елдерінен кәмпиттерді созып, бөліп, турайтын және қағазымен орайтын аппараттар сатып алдық. Техникалар жаңарған соң, өнімнің  көлемі де артты», – дейді Нұрбек.
«Ащы, ащы да болса тәтті бұл кәмпиттің сапасын толықтай қадағалаудамыз». Кәсіпкер бұл өнімді бұрынғы сапамен салыстырғанымызда
осылай деді. Нұрбектің айтуынша, жалбыз дәмі бар бұл «ащы» кәмпиттің сапасы кеңес дәуіріндегі кәмпиттен кем емес. Сонымен қатар, «барбарис», «соломка», «рокс» (бор кәмпит) атты түрлерінен бөлек, түрлі жеміс шырынының қоспасымен дайындалатын түрлері (апельсин, лимон, шие, дюшес) де көптеп шығарылуда.
Кезінде әжелеріміздің «қонаққа» деп сандықтың түбіне сарымайдай сақтайтын кәмпиттерінің бүгінде өтімділігі ұлғайған. Қазалы кәмпитіне Қызылорда облысынан бөлек, Қазақстанның барлық қалаларында сұраныс жоғары. Қазалылықтардан басқа, облыс көлеміндегі жұртшылық та алыс-жақын ағайындарына бара қалса, «Қазалы» кәмпитін ала баруды әдетке айналдырған. Өйткені, мұндай «базарлықты» ерекше күтетін жандар жетерлік. Міне, осылайша, Қазақстан халқын «Қазалының тәттісімен» тойдырып жүрген кәсіпкер Нұрбек Алдажарұлы еліміздің «тәтті нарығында» өздерінің елеулі орны барын дәлелдеуде.
Нұрбек бізбен әңгіме барысында алдағы жоспарларымен айтып қалды. Кәсіпкердің ендігі мақсаты – Қазалы кәмпитін Қазақстан брендіне айналдыру. 2015 жылы «Қазақстанның үздік тауары» атанған бұл шығаратын цех тәтті өндіруде қажетті шикізаттар құрамын да түрлендіріп, көлемдерін де ерекшелеп, талапқа сай әсем қораптармен тұтынушыларға ұсынғысы келеді.
Ержан БЕКМЫРЗАҰЛЫ
06 қыркүйек 2018 ж. 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 39 (264)

27 қыркүйек 2018 ж.

№ 38 (263)

20 қыркүйек 2018 ж.

№ 37 (262)

13 қыркүйек 2018 ж.

Хабарландыру

Экономика

Ащы, ащы да болса тәтті

Ащы, ащы да болса тәтті

06 қыркүйек 2018 ж.
МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

МЕНТОР ДЕГЕН КІМ?

06 қыркүйек 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031