» » Стартаптарға тартылған инвестиция 67 млрд. теңгеге жеткізіледі

Стартаптарға тартылған инвестиция 67 млрд. теңгеге жеткізіледі

Бүгін елордада Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың басшылары «Astana Hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі жұмысымен танысты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде Қазақстан ауқымды процестерден қалып қоймас үшін қажетті қадамдарды іске асырып жатыр. Еліміздің инновациялық әлеуеті өте жоғары және оның мүмкіндігі жете бағаланбай отыр. Атап айтқанда, Қазақстанда талантты жастар көп кездеседі, сонымен қатар халықтың сауаттылығы деңгейі жағынан да еліміз әлемде жоғары орындардың бірінде. Тәуелсіздік жылдарында әлемдік санаттағы университеттер мен мектептерді құрдық. Енді осы әлеуетті нақты өнімге түрлендіретін уақыт жетті», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов.
Сонымен қатар ол жақында Елбасының қатысуымен «Astana Hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінің жұмысы ресми іске қосылғанын еске салып өтті. Оның миссиясы - жаңа қазақстандық инновациялық экожүйенің орталық буынына айналу. Осы орайда барша әлемнен жас әрі талантты ІТ-мамандар тартылатын ошаққа айналдыру мақсаты белгіленген. Хабтың орбитасында жас стартапшылар, инвесторлар, оқытушылар, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдар өзара іс-қимылды орнатады.  
Ж.Қожахметовтің сөзіне қарағанда, бұл шараларды іске асыру үшін барлық инфрақұрылым, құқықтық және қаржылық жағдайлар жасалған. Биыл шілдеде венчурлық қаржыландыру туралы заң қабылданып, Astana Hub-тың шетелдік қатысушылары үшін визалық еңбек режімі жеңілдетілді.
 «Биыл технопарк АҚШ-тағы және көршілес елдердегі бірнеше халықаралық акселераторлармен ынтымақтастықты бастады. Бүгінде Astana Hub аумағында 150-ден астам команда өздерінің жобаларын дамытуға кірісті. 2022 жылға қарай стартаптарға тартылған инвестициялар көлемін 67 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспары бар», - деді жауапты хатшы.
Өз кезегінде Қазақстандағы Үндістан Елшісі Прабхат Кумар Astana Hub-ты құру тұжырымдамасы мен бастамасы өте дұрыс қарастырылғанын атап өтті. Оның пайымынша, алдағы уақытта ол ақпараттық технологияларды дамыту тұрғысында Қазақстанның әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді.
«Салық салу және басқа да бағыттардағы жаңашылдықтар Қазақстанға әлемдік цифрлық экономика саласында қарқынды дамуға ықпал етеді», - деді Прабхат Кумар.
30 қараша 2018 ж. 936 2

Jane от 21 ақпан 2019 20:37
Hi there colleagues, how is the whole thing, and what you wish for to say on the topic of this article, in my view its in fact amazing for me. generic viagra without a doctor prescription

Faustino от 25 ақпан 2019 12:20
Spot on with this write-up, I seriously believe that this website needs a lot more attention. I'll probably be back again to read through more, thanks for the info! generic viagra

PDF нұсқалар мұрағаты

29-306

18 шілде 2019 ж.

28-305

11 шілде 2019 ж.

27-304

04 шілде 2019 ж.

Спорт

НЕАПОЛЬДЕН ЖЕТІ ЖҮЛДЕ
21 шілде 2019 ж. 36
ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

ҒАФУР ҒАЙЫП БОЛДЫ

20 шілде 2019 ж.
ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

ОЛЖАМЕН ОРАЛДЫ

19 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031